Басты » Білім (парақша 2)

Білім

МЕМЛЕКЕТТІК НЫСАНДАР ЖЕКЕНІҢ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛІП ЖАТЫР

07_09_2-13-mp4_snapshot_00-08_-2017-09-07_17-40-54

Күңгейде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қарқынды даму үстінде. Қазірдің өзінде жеке инвесторлардың көмегімен әлеуметтік маңызға ие 13 нысанның құрылысы басталған. Ал, осы бағытта түзілген келісім-шарттың саны бойынша өңіріміз республикада алдыңғы қатарда келеді. Жалпы, мамандар кәсіпкер мен мемлекет арасындағы әріптестікті нығайту арқылы, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды көздеп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА ЕНДІ

05_09_2-17-mp4_snapshot_02-23_-2017-09-06_16-05-53

Оңтүстікте білім саласына ерекше көңіл бөлінеді. Оған дәлел жыл сайын облыста ондаған жаңа мектептер ашылып, заманауи құралдармен жабдықталады. Сонымен қатар ұзтазға да, оқушыға да қойылатын талап күшейген. Нәтижесі көңіл қуантарлық. Мәселен, Қазығұрт ауданында орналасқан Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған мектеп интернаты Республикадағы үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Әрмен қарай оқу »

ДОСТЫҚТА КӨПТЕН КҮТКЕН МЕКТЕП АШЫЛДЫ

04_09_2-1-new-mp4_snapshot_01-45_-2017-09-04_17-21-37

Биыл облыста 73 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа аяқ басты. Жалпы, Оңтүстіктің мектептері оқушыларын қабылдауға дайын. Мұны облысты түгел аралаған арнайы комиссия мүшелері растап отыр. Осы ретте білім күні қарсаңында өңірдің барлық білім ұяларында алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиынның бірі – биыл ел игілігіне берілген нөмірі 69 жалпы орта мектептеде өтті.

Әрмен қарай оқу »

ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП ОҚУЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШУ ШЫҚТЫ

29_08_2-7-mp4_snapshot_00-48_-2017-08-29_13-31-38

Оқу жылы басталмай жатып, Шымкентте кітапқа қатысты шу шықты. Ата-аналар әлеуметтік желіде тараған хабарламаға сеніп, Пушкин кітапханасының ескі ғимаратына жиналған. Тек бірінші, екінші сыныпқа арналған тегін оқулық туралы ақпарат жалған болып шықты. Бір қызығы халық ақ-қарасын айырмай, хабарламаны бір-біріне таратқан.

Әрмен қарай оқу »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

25_08_2-12-mp4_snapshot_00-48_-2017-08-25_17-44-56

Шымкенттік оқушыларды жаңа оқу жылында бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Енді олар өлкетану пәні негізінде көшпелі дәріс алатын болады. Сондай-ақ, биылдан бастап 2,5,7 сынып оқушылары жаңа оқыту бағдарламасы негізінде білім алады екен. Бұл мақсатта тәлімгерлер 100 пайыз оқулықпен қамтылады. Сондай-ақ, шаһарымызда баланы білім мекемемесіне электронды түрде қабылдау жүйесі қарқынды дамуда.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫСТА БІЛІМ САЛАСЫНА 257 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

25_08_2-6-new-mp4_snapshot_02-44_-2017-08-25_17-39-26

Биыл өңірдің білім саласына 257 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 млрд қа артық. Алайда, тиісті қаржы бөлініп, жаңа білім нысандары салынғанмен проблемалар шаш етектен. Жаңа білім жылының басталуына орай қордаланған проблемаларды қорытындылайтын тамыз конференциясы Қазақстан халқы ассамблеясында өтті. Жиынға келген министрлік мамандары мен облыс басшысы өңір ұстаздарының ұсыныстарын тыңдады. 

Әрмен қарай оқу »

ОТЫРАРҒА ТУРИСТЕР НЕГЕ КЕЛМЕЙДІ?

21_08_2-13-mp4_snapshot_02-08_-2017-08-21_14-18-40

Тарих беттерінде ойып алар орны бар Отырар ауданына туристер аз келеді. Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің кіндік қаны тамған жерге айына бар жоғы 50-60 адам саяхаттайды екен. Бұл жағдай шетелдіктерді былай қойғанда, ішкі туризмнің дұрыс жолға қойылмағанына дәлел. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығы» студенттерді жинап тарихи өлкеге аттанды.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

61bef160-b412-4719-96da-dc7247a1046f

ОҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, төрт тілді меңгерген білікті азамат. Бұған дейін бірнеше мемлекеттегі елшілікте қызмет ...

Әрмен қарай оқу »

МЕКТЕПТЕР БІЛІМ КҮНІНЕ ДАЙЫН БА?

mektep

Жаңа оқу жылында 73 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1000 балаға кеміп отыр. Есесіне, биыл жалпы мектептердегі оқушылар саны 640 мыңға жуықтаған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді. Оның айтуынша, Оңтүстіктегі білім нысандары жаңа оқу жылына 95 пайызға дайын екен.

Әрмен қарай оқу »

“МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІКСІЗ АҚША ЖИНАУЫНАН ШАРШАДЫҚ” ДЕГЕН АТА-АНАЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ

dalanews-mektep_aksha_zhinau-550x300

     Мектепте ақша жинау дəстүрі əлі күнге дейін тыйылған жоқ. Шардара қаласының тұрғындары жыл сайын білім ордасының керек жарағына қаржы жинаймыз деп шағымдануда. Сондай-ақ, олар жаз мезгілінде балаларын арнайы лагерге беруге мүмкіндігі бар екенінен хабарсыз болған.

Әрмен қарай оқу »