Басты » ТКШ

ТКШ

ОРТАЛЫҚ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛМАҒАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮРЕС БАСТАЛДЫ

19_10_2-3-mp4_snapshot_00-58_-2017-10-19_10-13-28

«Су ресурстары маркетингінің» қыруар қаржыға салған кәріз жүйесі керексіз болып қалды. Себебі қала жұрты құны қымбат болғандықтан орталық жүйеге қосылғысы келмейді. Әсіресе, жеке үйлер жаппай бас тартып жатыр. Ал, «Су ресурстары маркетингі» жеңілдік жасауға дайын. Тіпті, қосылуға кететін 150-180 мың теңгені халық бір жылға бөліп төлесе болады,-деп шыр-пыр болуда. Бірақ, оған қызығушылық танытып жатқан тұрғындар аз екен. Сондықтан мекеме басшысы ...

Әрмен қарай оқу »

ҮЙЛЕРІ СҮРІЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНБЕГЕН

12_10_2-16-mp4_snapshot_00-33_-2017-10-12_18-11-54

Нұртас шағын ауданында жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асатын 13 жол салынуда. Құрылысты аралау барысында қала әкімі жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Зейнеткер Мелдебек Әділбаев атқарылып жатқан жұмыстар үшін әкімдікке алғысын білдірді. Бұл шағын аудандағы негізгі жолды Астана даңғылымен қосатын жол құрылысы аяқталған соң, осы ауданға тағы 9 жаңа көлік бағытын жіберу мүмкіндігі болады. Ал Тассай шағын ауданында Тәуке хан көшесін салу жұмысы ...

Әрмен қарай оқу »

ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІ ЖУЫРДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

12_10_2-8-mp4_snapshot_00-13_-2017-10-12_13-22-00

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Рысқұлов көшесі бойындағы жерасты өткелінің құрылысын тексерді. Рысқұлов көшесінің бойындағы Самал базары маңындағы қозғалыс қазан айының соңында қалпына келтіріліп, қараша айында жерасты өткелі ашылады. Бастапқы жобаға сәйкес, жерасты өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен, мердігер нысанның құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауда. Қазір әрлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жерасты өткелінің айналасы ...

Әрмен қарай оқу »

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 14 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНІПТІ

09_10_2-22-mp4_snapshot_02-28_-2017-10-09_18-08-23

Халықтың тағатсыздана күткен сәті жетті. Шмыкенттегі Байтұрсынов көшесінде көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді. Жол өткен аптада пайдалануға берілген. Қоғамдық көліктердің бағыты өзгермей, бұрыңғы жоспармен жүреді. Айта кетейік, жыл соңына дейін 100-ден астам шағын көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қуатжан Жұматаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: – «Жалпы, ...

Әрмен қарай оқу »

АСФАЛЬТ АДАМНЫҢ САЛМАҒЫНА ҮГІТІЛІП ЖАТЫР

09_10_2-22-mp4_snapshot_01-28_-2017-10-09_18-08-06

Клара Цеткин көшесіне көптен күткен асфальт төселуде. Бірақ, жолдың сапасы жұртың көңілінен шықпай отыр. Себебі жаңбыр жауса қайтадан тас-талқаны шығады,-дейді шырылдап. Ал, тірлігін тездетіп тындыруды көздеген мердігер компания, жұмыстан мін табу мүмкін емес деп отыр. Үш жыл қатарынан елдің шыдамын тауысқан «Су ресурстары» маркетингі ақыры Клара Цеткин көшесін қалыпқа келтіре бастады. Тек, уәде еткен тақтайдай тегіс жол көрінбейді. Жыртығы жамалғаны ...

Әрмен қарай оқу »

БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІ БІТПЕЙ ЖАТЫП БҰЗЫЛУДА

aa130001-mxf_snapshot_00-00_-2017-10-05_17-48-00

 Байтұрсынов көшесі бітпей жатып, бұзылуда. Осыдан екі күн бұрын, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын,-деп жарияға жар салған мердігер, қазір шұрқ тесік асфальтті қайтадан жамауға кірісті. Сөйтіп, қоғамдық көліктің жүруін сағына күткен халықтың, қуанышы су сепкендей басылды. Ал, кептелістен көз ашпаған жүргізушілер болса, жауаптылар жағдайды реттеп берсе екен,-дейді. Айтуларынша, себелеп өткен жаңбырға шыдамаған асфальт, қыста үлкен қиындық тудырады.

Әрмен қарай оқу »

ХАЛЫҚ ТӨСЕЛГЕН АСФАЛЬТТІҢ САПАЛЫ ЕКЕНІНЕ КҮМӘН КЕЛТІРДІ

03_10_2-11-mp4_snapshot_00-38_-2017-10-03_15-50-47

Сағызша созылған Ахмет Байтұрсынов көшесінің жыры аяқталуға жақын. Құбырлары толық ауыстырылып біткен жолға, қазір асфальт төселіп жатыр. Күн-түн демей тер төктік,-деген мердігер енді бірер күнде қоғамдық көліктің қатынайтынын айтып қуантты. Тек асығыс жасалған істің сапалы боларына жұрт сенбейді. Айтуларынша, екі қабат етіп төселген асфальт, алдағы қыстан аман шықпайды. көлік жүргізуші: – “Көңілден шықпайды. Өйткені өте ұзақ жасалып жатыр. 8-9 ай ...

Әрмен қарай оқу »

ӘКІМДІККЕ АЛДАНҒАН ШЫМКЕНТТІКТЕР ШУ ШЫҒАРДЫ

28_09_2-1-new-mp4_snapshot_00-52_-2017-09-28_18-11-55

Жыл сайын қалтасын қағып, жолға шағал тас төсеген тұрғындар, арнамызға шағымданды. Әл- Фараби ауданына қарасты, Өтеген Сейітов көшесінің халқы, бірнеше жылдан бері тас жол мен жарық шамға жете алмай келеді. Талай рет, әкімдік пен “Нұр Отанның» есігін қағып, жасаймыз, реттейміз деген уәдеге сеніп келген. Самал-2 мөлтек ауданындағы Өтеген Сейітов көшесінің тұрғындары, өркениеттен қалғандай күй кешуде. Халық қалада тұрсақта тақтайдай тегіс ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛМАЙТЫН БОЛДЫ

26_09_2-2-mp4_snapshot_01-29_-2017-09-26_17-49-28

Алпауыт монополистер арасындағы ақша араздығына нүкте қойылды. Шымкенттіктерді жылумен қамтып келген „Қуатжылуорталық„ және „Энергоорталық„ мекемелері жалпы сомасы 3,3 млрд болатын қарыздарын өтеуге қазанның біріне дейін уақыт берілді. Берешекке белінен батқан екі мекеменің бірі қарыздарының 805 млн теңгесін “ҚазТранс Газ Аймаққа” беріп үлгірген. „Қуат жылу орталық-3„ мемлекеттік комуналдық мекемесі тамыз айында қарызының 805 млн теңгесінен құтылған. Енді қалған 1,8 млрд теңгені ...

Әрмен қарай оқу »

“СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГІ” ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАҒЫДА АЛДАП КЕТТІ

19_09_2-6-mp4_snapshot_02-42_-2017-09-19_18-42-48

Шыдамның да шегі бар. Қысымен батпақ кешіп, жазымен шаң жұтқан Клара Цеткин көшесінің тұрғындары тағыда шу көтерді. Олар үш жылдан бері тас-талқаны шыққан жолдың жөнделмей жатқанына наразы. Ашынған жұрт бұл жолы түрлі сылтау айтып, сытылып кететін жауаптыларды жағадан алды. Ал, айыптылар әдеттегідей уәде беріп, ұзақ уақыт бітіре алмаған ісін, бір айда тындырамыз деп тарқасты. – Лоток бар еді жолдың жағасында. ...

Әрмен қарай оқу »