Басты » Қоғам

Қоғам

Ауыр дертке шалдыққан 13 жасар қызға жергілікті дәрігерлер көмектеспеген

kadr-ot-19_07_2-10-mp4-2

Тіпті облыстан келген арнайы комиссяда ақ халаттылардың сөзін сөйлеп науқастың әкесін кінәлапты. Медеу Әлқуаттың айтуына қарағанда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы министрліктің өкілдерінде жолықтырмаған. Ақыр соңында ауруы асқынған қызын Алматыға өз қаржысымен алып кетіпті. Медеу Әлқуаттың айтуынша, күннен күнге жағдайы нашарлап жатқан қызына аудандық ақ халаттылар ешқандай көмек көрсете алмапты. Тіпті бұл дертті емдеуге Шымкенттік дәрігерлердің де қауқары жетпейтін көрінеді. ...

Әрмен қарай оқу »

“Астана”-ға қалыңдық іздеп жатыр

kadr-ot-aa7405-1

Шымкент зообағының қызметкерлері таяуда 10 жасқа толған керікті үйлендірмек. Алайда, әзірге „Астананың„ лайықты теңі табылмай жатқан көрінеді. Зообақ мамандары осыдан біршама уақыт бұрын қалыңдықты Алматыдан тапқан екен. Өкінішке орай, белгілі себептермен Шымкентке жеткізе алмапты. Ал, екінші рет тиісті қаржыны аударып, „келіннің„ келуін күткен. Бірақ, бұл жолы да алматылық жираф келмепті. Бұдан бөлек, Шымкент зообағының мамандары шілденің шіліңгір ыстығында керікті екі ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкентте базынасын айтқан халыққа, бас қатырар ешкім болмай тұр

kadr-ot-aa7424-2

Бұлай салған жолдарың құрысын! Техниканың гүрсілі мен шаң жұтудан жалыққан Өтегенов көшесінің тұрғындары бас көтерді. Айтуларынша, жол құрылысымен айналысатын мердігер айналаны күл-қоқысқа толтырып, елді әуре-сарсаңға салғанына жылға жуықтаған. Тұрғындар билік басындағыларға сан рет арыз жазыпты. Алайда, жауаптылар көзбояушылық жасап көшеге су сепкенімен, артынша баяғы әуеніне басқан. Шаңнан көз ашпағанына жылға жуықтаған жұрт ауруға шалдығып тындық,-дейді. Себебі қаланың қақ ортасында жүргізіліп ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкенттік Кеңесбек Сейдімбеков велосипедпен Өзбекстанға аттанбақ

kadr-ot-aa2665

Ақсақал Шымкент-Ташкент-Самарқан-Бұқара бағыттарын басып өтіп, ат басын Астанада тізгіндеуді жоспарлап отыр. Мақсатым қазақ-өзбек арасындағы достықтың нығаюына үлес қосу дейді қария. 87 жастағы ақсақалдың бұл алғашқы сапары емес. 2001 жылы Мекке- Мәдина арасындағы жолды велосипедпен бағындырған жихангез 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Мәскеуге сапарлады. 2016 жылы Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың құрметіне орай Кеңесбек ақсақал Шымкент-Кабул арасын небәрі 7 ...

Әрмен қарай оқу »

Түркістан әлемдік деңгейдегі шаһар ретінде дамытылады

kadr-ot-16_07_2-22-mp4-2

Түркістан облысының орталығында сәулетшілер мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат дөңгелек үстел барысында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жайын сөз етті. Түркістан қаласындағы жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебев облыс орталығына айналып отырған шаһарды экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени жағынан дамыту басты мақсат екенін атап өтті. «Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени ...

Әрмен қарай оқу »

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі»

kadr-ot-motionvfx-free-sound-fx-1

Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс екі кезеңнен тұрады. 1 кезең – облыстық деңгей. стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу және ахуалдық мәселені ...

Әрмен қарай оқу »

Пәтер иелері кооперативі жұмысын тікелей бақылауға болады…

kadr-ot-aa2564-2

Бұған дейін аталған мекемелердің көбінің атқарған тірлігі көлеңкеде еді. Сондықтан жұрт оларға қаржымызды желге ұшырып жатыр деп жиі шағым айтатын. Қала билігі бұдан былай көпқабатты үйлерге қызмет көрсетіндердің жұмысын бір жөнге салуға шындап кіріскендей. Тұрғындар енді экімдіктің ресми сайтынан үй ауласының тазалығына жауаптыларға кімнің қанша қарызы барын және сол қаржыға қандай шаруа атқарылғанын біле алады. Бұл жаңалық қаншалықты тиімділігі әрине ...

Әрмен қарай оқу »

Ақылы айыптұрақтағы алапат өрт, әдейі жасалаған ба?

kadr-ot-aa7214-2

Ақылы айыптұрақта болған алапат өрттен кейін жүргізушілер жанұшыра сонда ағылып жатыр. Темір тұлпар иелері тұраққа жабылған көліктеріне алаңдаулы. Ал, күзетшілер өзімен бірге тиісті құжат алмағандарды темір қоршаудан әрі асырмауда. Естеріңізге сала кетейік осыдан екі күн бұрын қаладағы ақылы айыптұрақта өрт болып, 45 автокөліктің күлі көкке ұшқан еді. Ақылы айыптұрақтағы өрт түнгі сағат 1.00-шамасында болған. Құзырлы органдар таратқан ақпаратқа сүйенсек, тілсіз ...

Әрмен қарай оқу »

Азия мен Еуропа елдерін Шымкентте тоғыстырған байқау

kadr-ot-16_07_2-12-mp4

Үшінші мегаполисте қиындықтан сескенбейтіндердің кезекті жарысы өтті. Мотобәйгенің бұл жылғы ерекшелігі, жол барынша күрделендіріліп, үміткерлер саны да артты. Ауқымы жыл сайын кеңейген жарысқа бұл жолы 10 жасар бала да қатысты. Ұйымдастырушылар жол трассасының күрделі көрінісін ұсынды. Ал, спортшылар, бәсекелесті басым етпекке, әр бұрылысты қауіпті етті. Қилы жолды бағындыруға Қазақстанмен қатар шетелдіктер де ниеттенді. Осылайша, мото крос әлеміндегі тарихи оқиғалардың бірі ...

Әрмен қарай оқу »

Түркістандық кәсіпкер әділдік іздеп әлек

kadr-ot-13_07_2-4-mp4

Талапқа сай рәсімдеп сатып алған екі гектар жерін, құзырлы орган заңсыз деп тауыпты. Бір қызығы тиесілі мамандарда кәсіпкермен келісім шарт жасасқан құжаттары болмай шықты. Шиеленіске толы жағдай кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысында талқыланды. Мұса Жұмашев 2011 жылы жеке кәсібін ашу үшін Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімімен келісім жасап, 2 гектар жерді 4 миллион теңгеге сатып алған. Барлық құжаттары талапқа сай келіп, ...

Әрмен қарай оқу »