Басты » Қоғам (парақша 135)

Қоғам

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ 15 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРЗАНДАТЫЛДЫ

8_02_1-2.mp4_snapshot_00.54_[2016.02.08_14.03.11]

Азық-түлік өнімдері 15 пайызға дейін арзандатылды. Баға қалтаға қонымды болғандықтан, қала тұрғындары сұранысты да арттырды. Әсіресе, ет пен сүттің саудасы қыза түсті. Демалыс күндері ұйымдастырылған жәрмеңкеде, тонналаған тауарлар, көпке жетпей таусылып жатты. Ардақ БЕРДЕН

Әрмен қарай оқу »

ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

vlcsnap-2015-08-08-10h43m25s95

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен өңір басшысының өкімімімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков тағайындалды.      Бүгіннен бастап, Ұ.С. Садибеков облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік және идеология салаларына жетекшілік ететін болады.      Ұласбек Сәдібекұлы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылында 1967 жылы дүниге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист.      Еңбек жолын 1983 жылы ...

Әрмен қарай оқу »

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЕРЕСЕКТЕРДЕН ЖӘБІР КӨРУІ ЖИІЛЕГЕН

54b942624f6991421427298

Әл-Фараби ауданы прокуроры жасаған мәлімет бойынша жасөспірім арасындағы қылмыстар саны азайып, керсінше олардың ересектер тарапынан көретін әлімжеттік фактісі 13 пайызға өскен. Кәмілет жасына толмағандардың тәрбиесі мен түсінігіне алаңдаған жергілікті атқа мінер азаматтар білім ошақтарын аралады. Өскелең ұрпақты әлемде орын алып жатқан түрлі жиіркенішті әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Ардақ БЕРДЕН

Әрмен қарай оқу »

«БАЛА ШОУ» КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

05_02-5_5.mp4_snapshot_01.26_[2016.02.05_18.06.55]

«Бала шоу» бағдарламасы көрермендерге жол тартпақ. Әзіл қалжыңға құрылған қысқаметражды телефильмге «Азия интернейшнл» академиясының шәкірттері түскен. Балғын балалық шақтың тәтті бейнелері мен қызықты шақтарын суреттейтін туындыға жас әртістерді іріктеу оңайға соқпапты. Ардақ БЕРДЕН

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚЫЛМЫС ТҮРІ АЛАҚАНДАҒЫДАЙ КӨРІНЕДІ

Карта

Енді кез кел-келген азамат қылмыстардың ең көп жасалатын орындары және бұзақылық туралы ақпаратты үйде отырып-ақ біле алады. Сондай-ақ, оларға қолданылған жаза мен шығарылған шешімдер де қолжетімді. Ол үшін бар болғаны www.pravstat.kz сайтына кірсеңіз жеткілікті. Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ

Әрмен қарай оқу »

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР ҚАЛТАСЫНАН ҚАҒЫЛДЫ

04_02_3_8.mp4_snapshot_00.03_[2016.02.04_18.26.15]

Тәртіпке бағынбағандар қалтасынан қағылды. «Қауіпсіз қала — қауіпсіз жол» акциясы аясында рейд жүргізген тәртіп сақшылары, заң ережесін бұзғандардың көке-жәкесіне қарамай айыпұл салды. Ал, жол жиегіне көлікті заңсыз қойғандардың темір тұлпалары айып тұрақтарына тоғытылды.

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ МОНША ОТҚА ОРАНДЫ

V-SHy-mkente-zagorelas-musul-manskaya-banya-620x330

Мұсылман моншасы өртке оранды. Темірлан тас жолы бойындағы моншадан қызыл жалын таңғы сағат 6.30дар шамасында тұтанған. Ғимараттың артқы бөлігінен шыққан өрттен нысан әп-сәтте толық жанып кетті. Алаумен арпалысуға өртке қарсы қызметінің 6 арнайы техникасы жұмылдырылған. Жедел жәрдем қызметі де оқиға орнынан табылды. Абырой болғанда олардың көмегі қажет болмады. От бір жарым сағатта ауыздықталды.  ТВК телеарнасы

Әрмен қарай оқу »

ДОЛЛАР АЙНАЛЫМНАН АЛЫНУЫ МҮМКІН

no_dollars

Ұлттық Банктің төрағасы Оңтүстікке іс сапармен келді. Данияр Ақышев, доллар енді не болады?- деген дүйым жұрттың ортақ сұрағына жауап қатты. Халықты сабырға шақырған төраға, ұлттық қорда қанша қаржының жатқанын да ашып айтты. Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Әрмен қарай оқу »

Алтынбек КӘТТЕБЕКОВ: «САЙЛАУҒА ҚАТЫСАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРДЫ ШӘЙҒА ШАҚЫРМАҢЫЗДАР»

3_02_1-1.mp4_snapshot_02.28_[2016.02.03_13.08.02]

Сайлауға қатысатын халықаралық бақылаушыларды шәйға шақырмаңыздар. Әйтпесе, олар саяси науқанда қандай да бір шикілік бар деп ойлап қалуы мүмкін. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Кәттебеков сайлауалды семинар-кеңесінде әріптестеріне осындай өтініш жасады. Сондай-ақ, жиында аудан қалалардан жиналған сайлау комиссиясының төрағалары сайлау барысында жиі кездесетін мәселелер мен кедергілерді шешу жолдарын талқылап, жұмыстарын пысықтап алды. Қанат БАЙСОВ

Әрмен қарай оқу »

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

02-02-5-2.mp4_snapshot_00.32_[2016.02.02_21.05.26]

1000-ға жуық қазақстандықтың ажалына себеп болған Ауған соғысының аяқталғанына  жыл. Осыған байланысты майдангер жолдастары қаза болғандарды еске алды. Коммуникация және жаңа технологиялар коллдежінің студенттеріне соғыстың тақсыреті насихатталды. Жастар келелі жиынға бір адамдай ат салысқанмен, тақырып жайында тарқатып ешнарсе айта алмады. Ардақ БЕРДЕН

Әрмен қарай оқу »