Басты » Қоғам (парақша 5)

Қоғам

ОБЛЫСТА КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІНДЕРДІҢ САНЫ АРТҚАН

14_08_2-5-mp4_snapshot_00-08_-2017-08-14_18-45-52

Өңірде көзі нашар көретін жандардың саны артқан. Мамандар мұның себебін телефон мен компьютердің алдында уақытын тым көп өткізуден көреді. Көз ауруларының алдын алуға білек сыбана кіріскен ақ халаттылар облыстық офтальмологиялық ауруханасында науқастарды тегін тексеруден өткізді.

Әрмен қарай оқу »

ОҢТҮСТІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР

14_08_2-7-mp4_snapshot_02-21_-2017-08-14_18-39-12

Соңғы алты айда күнгейдің макроэкономикалық көрсеткіші артқан. Тіпті облысқа инвестиция тарту көрсеткіші республика бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы баспасөз жиынында есеп берген облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді. Айтуынша, өңірдің өңдеу өнеркәсібі көлемі 250 млрд теңгені құрапты. Осылайша макроэкономикалық көрсеткіште оң серпін байқалған.

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ МОДЕРНИЗАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫДА ШУ ШЫҚТЫ

14_08_2-9-mp4_snapshot_02-01_-2017-08-14_14-28-01

Шымкентте модернизацияға қатыста тағыда шу шықты. Бұл жолы Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары, тиісті мекеме өкілдерінің тірлігіне наразы. Айтуларынша, жауаптылар халықтың рұқсатынсыз шатырды ауыстырып жатыр екен. Ал екіжақты келісімнің жоқтығын айтқан жұрт құрылысқа бөлінген 8 млн теңгені төлемейміз деп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕГЕН ВЕНГРИЯЛЫҚ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

14_08_2-4-mp4_snapshot_01-16_-2017-08-14_13-20-15

Жансейіт Түймебаев венгриялық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-саттық, мәдени байланыстар жөнінде сөз қозғады. Өз кезегінде аймақ басшысы қонақтарға Оңтүстіктің экономикалық дамуы жөнінде айтып берді. Әсіресе, шетелдік инвесторларға жасалатын жеңілдіктерді жіпке тізген облыс әкімі венгриялық кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Әрмен қарай оқу »

САРЫАҒАШТА БІР АУЫЛ ЖАППАЙ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН

11_08_1_2-mp4_snapshot_01-53_-2017-08-11_18-56-08

   Сарыағаш ауданының бес мыңнан астам тұрғыны бар Дарбазар ауылында, қара халық жаппай ауруға шалдығып жатыр. Балаларының басы айналып, мұрындарынан қан кетсе, тексеруден өткен қырық әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталған. Күндіз де, түнде де көшеге шығудан қалдық деп ашынған қара халық осының барлығына себеп, ауыл іргесіндегі шайыр өндіретін зауыттан шығатын зиянды түтіннің әсері, – деп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

11_08_2-5-mp4_snapshot_00-59_-2017-08-11_18-50-56

  Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні. Кəсіби мереке қарсаңында облыс əкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс саласының білікті мамандарын арнайы төс белгі және алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ атаулы күнге орай Шымкентте құрылыс өнеркәсібіндегі жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада 80-нен астам кәсіпорын мен ірі құрылыс компаниялары өз өнімдерін жарнамалады.

Әрмен қарай оқу »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 140 МЫҢ ТҮП ТҰТ АҒАШЫ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

akim

      Бәйдібек ауданында 140 мың түп тұт ағашы өсірілуде. 30 гектар аумаққа егілген ағаштардың әрбірінен шаруа жылына төрт рет жапырақ жинайды. Ал олармен жібек құртын асырау арқылы, нағыз жібек матасын өндірмек. Кәсіпкердің қолға алған бұл шаруасын облыс басшысы арнайы барып көрді. Қолөнершілер қазірдің өзінде жібектен орамал тоқып, қыз келіншектерге арналған сырт киімдердің бірнешеуін тігіп, аудан көлемінде сатылымға шығарған. ...

Әрмен қарай оқу »

СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

10_08_2-14-mp4_snapshot_00-08_-2017-08-11_12-36-19

    Сотталғандар арасында жыл сайынғы жоспарлы спартакиада бастау алды. ИЧ 167/9 Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер енді бар айға жуық шағын футболдан, қол күресі мен жеңіл атлетикадан бақ сынайды. Аталған шараны Шымкент қалалық спорт және білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Басты мақсат- сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Әрмен қарай оқу »

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТУҒАН ЖЕРГЕ ЖАНЫ АШЫМАЙТЫН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШҮЙЛІКТІ

siy-r

     Австрияның ангусы Боралдайды жатсынбайды. Бәйдібек ауданында екі жылдан бері абердин- ангус ірі қара малы өсірілуде. Шаруа болашақта өңірді сапалы етпен қамтымақ. Қазір қымбат мейрамханаларда ғана тапсырыспен алынатын мраморлы етке алдағы уақытта Оңтүстік жұртшылығы оңай қол жеткізетін күндер алыс емес,- дейді кәсіпкер.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫС ӘКІМІ АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРДЕ ЖАҢҒАҚ ӨСІРУДІ ТАПСЫРДЫ

kim

  Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Бәйдібек ауданында болды. Аймақ басшысы 55 мың халқы бар елдімекеннің әлеуметтік экономикалық жағдайымен танысып, бірқатар шаруа қожалықтардың жұмысын көрді. Туған жерін асықпай аралаған ол аудан басшысына бірқатар ескертулер беріп, өндіріс ошақтарының санын арттыруды тапсырды.

Әрмен қарай оқу »