Басты » Қылмыс (парақша 18)

Қылмыс

4 ЖАСАР ҚЫЗДЫ КҮТУШІСІ БАҚИЛЫҚ ЕТТІ

fa34bf9e406f9ce31ac4e40f9fc3384e

Күтушісінен таяқ жеген 4 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Бұл оқиға 6 ақпан күні қаладағы Қазығұрт шағынауданында орын алған болатын. Жедел ауруханаға жеткізілген бүлдіршін сол күйі есін жимастан қаза болған. Сараптама нәтижесі бойынша қыздың миына қан құйылыпты. Ал оның інісі 2 жасар Ерасылдың қазір беті бері қараған. Ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауысты. Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Әрмен қарай оқу »

ҚАРЖЫ ТИІМСІЗ ЖҰМСАЛҒАН

VC_PROKUROR_KAZ.mp4_snapshot_00.39_[2015.02.06_16.51.21]

Моно қалаларды дамыту бойынша бөлінген қаражат заңсыз әрі тиімсіз жұмсалған. 2014 жылы Кентау қаласына 1 млрд 600 млнтеңге бөлінген. Алайда, бағдарламаның екінші бағытында көрсетілген шағын және орта бизнес субектілерін дамыту бойынша бөлінген қаржы өзге қалалардың азаматтарына беріліп келіпті. Мәселен прокуротура қызметкерлерінің тексеруі кезінде анықталғаны Түркістан қаласына қарасты Ескі Иқан ауылының тұрғыны Кентау қаласынан 3 млн теңге несие алғаны анықталған. Тексеру ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙДІ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

photo_32490

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні таңғы уақытта қала көшелерінде қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшысы күдікті көрінген көлікті тоқтатпақ болған. Жоғарғы жылдамдықпен жүйіткіген көлік ішкі істер қызметкерін қағып, оқиға орнынан із суытқан. Қазіргі таңда оқиғаға кінәлі азамат іздестірілуде. Ал, сәтсіздікке ұшыраған полицей ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер берген мәлімет бойынша жәбірленушінің бас сүйектерімен қатар бірнеше жерінен жарақат алған. Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙДІ КӨЛІГІМЕН ҚАҒЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН АЗАМАТ ҚОЛҒА ТҮСТІ

4658836

Түркістанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды. Күдікті ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Түркістан қаласында ұйымдастырған жедел-іздестіру шаралары кезінде қолға түскен. ҚР ІІМ-нің арнайы есебінде тұрған 1988 жылы туылған күдіктіні ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тіпті өзінің “БМВ” 525 маркалы автокөлігімен ішкі істер органдарының қызметкерін соғып, белгісіз бағытқа қашып кетпек болған. Бірақ, оның бұл әрекетінен түк шықпады. ...

Әрмен қарай оқу »

11 БІРДЕЙ ПӘТЕР ТОНАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Кража патер.mp4_snapshot_00.52_[2015.01.29_09.45.00]

Шымкентте ұрлық қылмысы өскен. Осы қылмыстың алдын алу мақсатында Абай аудандық прокуротурасы «Ұрлыққа тосқауыл» атты профилактикалық іс-шара өткізуде. Оған аудандық прокуротурадан бөлек полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі мен жол потрульдік полициясы жұмылдырылған. 22 қаңтардан бастап өткізіліп жатқан шара өз жемісін беруде. Таяуда 11 пәтер тонады деген күдікпен Шымкент қаласының үш азаматы ұсталды.      Абай ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаевтың айтуынша пәтер ...

Әрмен қарай оқу »

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ АСЫЛЫП ӨЛДІ

20150116_090738

Шымкент қаласының тұрғыны өз үйінде асылып өлді. Бұл жантүршігерлік оқиғаны сол маңдағы дүкендердің біріндегі сатушы байқап, дереу полиция және жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қазіргі таңда анықтау жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның анық қанығы сот медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады. Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

КӨЛІК ҰРЛАҒАНДАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

14_01_1-2.mp4_snapshot_01.42_[2015.01.14_17.29.48]

26 жастағы қалатұрғыны өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне «Ауди-80» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің айдап кеткендігі жөнінде арыз түсірген. Аталған жайтқа қатысты шұғыл іздестіру тобы құрылып, Криминалдық полиция басқармасының өкілдері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш қала тұрғынын құрықтады.      Жоғарыда аталған «Ауди 80» маркалы автокөлік Нұрсәт шағын ауданындағы аулалардың бірінен заңсыз айдап әкетілген. ...

Әрмен қарай оқу »

“ТАБЛИҒИ ЖАМАҒАТ” ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ СОТТАЛДЫ

1339987584_religiya-vko

Азаматтарды кері пиғылды діни ағымға үгіттеген Сайрам ауданының тумасы сотты болды. «Таблиғат жамағат» атты керіағар ұйымның мүшесі ойын іске асыру үшін, тіпті арнайы органдардың рұқсатынсыз мешіт те тұрғызған. Алайда, құқық қорғау органдарының дер кезінде аталған істі әшкерелеуінің арқасында оның бүлікті ойлары жүзеге аспаған.      41 жастағы Мамуржан Турашовтың жүріс-тұрысы мен оның қоғамдағы орны құқық қорғау орган қызметкерлеріне күдікті көріне ...

Әрмен қарай оқу »

АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНДА ЖАТҚАН 8 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕ ҰРЛАНДЫ

мамасымен

Түнгі сағат 4-тер шамасында Шұғыла елдімекенінің тұрғындарынан 102 нөмеріне нәрестенің ұрланғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Шақыртумен жеткен полицейлер бірден анықтау жұмыстарына кірісті.        Ұлын ұрлатып алған ананың сөзінше, ол нәрестені тамақтандырып болған соң, қасына алып жатып ұйықтап кетіпті. Көп уақыт өтпей қайта оянғанда құшағындағы ұлы орнында болмай шыққан. Күтпеген жағдайға тап болған отбасы бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. ...

Әрмен қарай оқу »