Басты » Қылмыс (парақша 2)

Қылмыс

ТОҚТАР ТӨЛЕШОВТЫҢ ҚЫМБАТ КӨЛІКТЕРІ САТЫЛЫП КЕТТІ

05_09_2-9-mp4_snapshot_00-10_-2017-09-05_17-28-32-1

Атышулы Тоқтар Төлешовтың үш бірдей темір тұлпары сатылды. Оның бірі 1 083 000 теңгеге бағаланған Mitsubishi GT маркалы автокөлік, сондай-ақ 3 907 956 тенгеге сатылған GMC Yukon XL Denali, жəне Bentley Continental GT маркалы көлік. Бұдан өзге Төлешовтың автотұрағындағы ең қымбат 40 миллионға бағаланған Rolls-Royce Phantom көлігі саудаға шығарылып отыр. Мамандар Phantomды тіпті 20 млнға сатуға əзір болған. Алайда, оны ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТІК КОНДУКТОР СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ МҰРНЫН БЕТ ҚЫЛМАҚ БОЛДЫ

31_08_2-18-mp4_snapshot_00-31_-2017-08-31_18-14-28

Дөрекі кондуктор ҰОС-ның ардагеріне аяшылық танытпады. Бейбіт өмірді сыйлаған батыр қария рұқсат етілген құжатын көрсетседе, 70-ші бағыттағы автобустың кондукторы, жолақы төлемегін үшін оның мұрнын бет қылатынын айтқан. Бүгінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі бұл мәселені бақылауға алғанын мәлімдеді. Ал айыптыларға тиісті шара қолданылатын болады.

Әрмен қарай оқу »

ҰРЛАНҒАН ЭКСКАВАТОРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

31_08_2-13-mp4_snapshot_01-16_-2017-08-31_18-07-16

Шымкенттік тұрғын миллиондаған қаржы тұратын экскаваторын қолды қылған азаматтарды тапқан. Десе де, олар ауыр техникаға жалған құжат әзірлеп, оны қырғызстандық азаматқа сатып жіберіпті. Батырхан Сағынтаев шет елден өз меншігін іздестіріп, тіпті оның нақты мекен жайын да тапқанын алға тартады. Алайда ол экскаваторына 4 айдан бері қол жеткізе алмай жүр. Бүгінде Ордабасы аудандық сотында бұл іске байланысты алғашқы сот отырысы өтті.

Әрмен қарай оқу »

ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСКЕН ШЫМКЕНТТІКТЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АЛДЫНДА ТӨБЕЛЕС ШЫҒАРДЫ

00940-mts_snapshot_00-00_-2017-08-29_13-05-13

Оқиға түнгі сағат 3- тер шамасында Шәмші Қалдаяқов көшесінде тіркелген. Куәгерлердің айтуынша қымбат Мерседес пен «Range Rover» жолды бөлісе алмаған. Сөйтіп, бірін- бірі қуалап, ақыры жол апатына түседі. Екі көлікке айтарлықтай шығын келгенімен, жүргізушілер оған бас ауыртпаған. Керісінше, екі тарап полиция бөлімінің алдында жаға жыртысқан. Абырой болғанда тәртіп сақшылары төбелеске дер кезінде тосқауыл болып, жанжалдасқандарды сабырға шақырған. Қазіргі таңда осы ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТІК ЖАСӨСПІРІМ “СИНИЙ КИТТІҢ” ҚҰРБАНЫ БОЛА ЖАЗДАДЫ

28_08_2-19-mp4_snapshot_00-03_-2017-08-28_17-46-02

Тағы бір бала Синий кит ойынының құрбаны бола жаздады. 26 тамыз күні 102 нөмеріне 21 ші шағын ауданынан қоңырау келіп түскен. Хабарламада 14 жасар бала көк кит ойынын ойнап, қолына сурет салғаны айтылған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер, 14 жасар жеткіншектің “Вконтакте” әлеуметтік желісі арқылы көк киттен хабарлама алып жүргенін анықтаған. Бірден іске кіріскен мамандар, баланың қолына суретті салып, тиісті орынға ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫ САТЫЛАТЫН БАЗАРДАН ӨРТ ШЫҚТЫ

24_08_2-14-mp4_snapshot_00-14_-2017-08-24_18-02-24

Ескі қалашықтағы құрылыс заттары тұратын ірі қойма отқа оранды. Базар маңында орын алған өртті ауыздықтауға 15 текникамен 100-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Дегенмен қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Қазір өрттің нақты неден шыққаны тексеріліп жатыр.

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТ-ШАЯН ТАС ЖОЛЫНДА КӨЛІК АПАТЫ БОЛЫП 5 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

24_08_2-18-mp4_snapshot_00-13_-2017-08-24_17-51-33

Бәйдібек ауданында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуынан 5 адам қайтыс болды. Олардың төртеуі сол жерде тіл тартпай кетсе, біреуі аудандық ауруханада көз жұмған. Қайғылы жағдай «Шымкент-Шаян» тас жолында болған. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, жол апатына «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі көрінеді. 44 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғыны өзінің жеңіл көлігіне 9 адамды мінгестіріп алып, жолдың қарама-қайшы жағына ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙДІҢ ҚЫМБАТ КӨЛІГІНЕН 4 АТЫС ҚАРУЫ ТӘРКІЛЕНДІ

22_08_2-19-mp4_snapshot_00-11_-2017-08-22_17-46-24

Бір отбасын қағып, отағасын жер жастандырған азамат экс- генералдың немере інісі. Яғни, Оңтүстікке танымал Оразалиевтердің ұлы. Жандос Оразалиев талай жыл ішкі істер органында қызмет жасап, Сайрам ауданы ІІБ бөлімінің басшысы болған Мәлік Оразалиевтің туған ұлы. Қазіргі таңда, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тергеу барысында анықталғандай, Жандос Оразалиевтің көлігінен әкесіне тиесілі 4 атыс қаруы тәркіленген. Сонымен қатар, ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙ ҚЫМБАТ КӨЛІГІМЕН АДАМ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

22_08_2-19-mp4_snapshot_00-11_-2017-08-22_17-46-24

Шымкентте полиция қызметкері бүтіндей бір отбасын көлігімен соғып кетті. Қайғылы жағдай 18 тамыз күні Жібек жолы даңғылында орын алған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 37 жастағы азамат қаза тапқан. Ал оның 36 жастағы әйелі мен 7 жастағы ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Әрмен қарай оқу »

САЙРАМДЫҚ ЭКС-ДЕПУТАТ 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛЫП КЕТТІ

21_08_2-20-mp4_snapshot_02-15_-2017-08-21_18-57-23

Сайрам ауданының белді кәсіпкері, экс-депутат Бақыт Аймырза 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған, кәсіпкерге қорқыту арқылы ақша талап еткені және қаруды заңсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр. Енді “Баха Баха” атымен танымал азамат, қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде жазасын өтейтін болады. Мұндай шешім, облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Әрмен қарай оқу »