Басты » Қылмыс (парақша 5)

Қылмыс

«ЖАЛҒАН ПОЛИЦЕЙ» КУӘЛІКТІ ҚАЙДАН АЛҒАНЫН АЙТТЫ

lje-ment-mp4_snapshot_00-21_-2017-10-02_15-10-03

Куәлік көрсетіп, кәсіпкерлерді қорқытқан «жалған полицей» ұсталды. Қаладағы сауда орындарына кіріп, өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырған 34 жастағы азамат, темекі мен энергетикалық сусындарды ақысыз алып отырған. Ол тіпті кассадағы ақшаны қолды қылғанымен қоймай, дүкен қызметкерінің телефонын ұрлаған. Күдікті Республика даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы дүкенде қолға түскен. Өйткені, «жалған полицей» бұл жерге бірнеше рет келіп, тегін тамақтанған. Онымен қоса, дүкен ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ ТҮНГІ КЛУБ ОТҚА ОРАНДЫ

ort-mp4_snapshot_01-57_-2017-08-28_12-39-51

Қаладағы түнгі клубтардың бірі отқа оранды. Оқиға 29 қыркүйекте түнгі сағат 3-тер шамасында, Республика даңғылының бойындағы демалыс орындарының бірінде болған. Қызыл жалынды ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің 12 техникасы мен жеке құрамның 55 қызметкері жұмылдырылған. Сөйтіп, құтқарушылар таңғы сағат 5-те отты толық өшірген. Абырой болғанда, тілсіз жау өзге ғимараттарға өтіп үлгермеген. Сондай-ақ бұл уақытта клубта демалушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап ...

Әрмен қарай оқу »

РУСЛАН ЖАНПЕЙІСОВ СОТ ЗАЛЫНАН БОСАТЫЛДЫ

28_09_2-21-mp4_snapshot_00-43_-2017-09-28_18-53-57

Руслан Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты. «ОСА» ұйымының бұрынғы мүшесіне қатысты іс Абай аудандық сотында қаралған еді. 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған судья оны сот залынан босатты. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленбейтін болды. Ал, Руслан Жанпейісовтың өзі болса, ендігәрі полицейлердің ізіне түспейтінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, айыпталушы осы жылдың наурыз айында ұсталған еді. Оған полиция қызметкерлерін бірнеше ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦИЯДАН ТАЯҚ ЖЕГЕН ҚЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ

29_09_2-8-mp4_snapshot_00-18_-2017-09-29_19-10-57

Полицейлер мен көшеде жаға жыртысқан нәзік жанды мен ер азамат қамауға алынды. Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде шенді қызметкерлермен жастардың арасындағы айқай шу мен төбелес тез тараған болатын. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. 27 қыркүйек күні Тәуке хан даңғылындағы дәмханалардың бірінен, бір азаматша 102 ге хабарласқан. Оның арызында өзін өзге біреулердің ұрып соққанын жеткізген. Бірден оқиға орына жеткен полицейлер ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ 32 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ 12 ҚАБАТТАН ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ

vid_na_sayt_upala_devushka-mp4_snapshot_00-34_-2017-09-29_13-42-27

Шымкентте 32 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды. Қайғылы оқиға түнгі уақытта Темірлан тас жолының бойындағы үйлердің бірінде болған. Жәбірленушінің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, ол 12 қабаттан құлағанда қасында жігіті болыпты. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылған. Қазіргі таңда осы іске қатысты «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙДЕН ТАЯҚ ЖЕГЕН БОЙЖЕТКЕН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

vid-20170927-wa0001-mp4_snapshot_00-40_-2017-09-27_11-15-18

Қыздың ішінен ұрып жіберген полицейге қатысты ОҚО ІІД пікір білдірді. Айтуларынша, оқиғаға қатысқан 1991 жылы туылған Қызылорда облысының тұрғыны мен 1994 жылы туылған Шымкент қаласының азаматшасы қамауға алынған. – «Жедел іс-шара жүргізу барысында, тәртіп сақшылары екі күдіктіні құрықтады. Олар 26 және 23 жастағы Қызылорда және Шымкент қаласының тұрғыны. Күдіктілер оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үшін Әл-Фараби ПБ жеткізілді. Қазіргі таңда, ...

Әрмен қарай оқу »

РУСЛАН ЖАНПЕЙІСОВ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ МҮМКІН

28_09_2-21-mp4_snapshot_00-43_-2017-09-28_18-53-57

Мемлекеттік айыптаушы Руслан Жанпейісовке процессуалдық келісімге келу бойынша ұсыныс жасады. Оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалмақ. Бұған, Русланның қорғаушысы мен өзі бірден келісе кетті. Әзірге сот кейінге қалдырылды. Өйткені, Жанпейісовтың қорғаушысы, прокурордың келісім қағазымен жіті танысуға уақыт сұрады.  “ОСА” қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде танымал, көлік жүргізушілерінің құқығын қорғаушы Руслан Жанпейісов биыл наурыз айында қамауға алынған болатын. Оған қорқытып алу ...

Әрмен қарай оқу »

ҚАНДЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ

28_09_2-13-mp4_snapshot_02-05_-2017-09-28_18-43-45

“Пандора” түнгі клубында оққа ұшқан Бекжанның туыстары аппеляциялық шағым түсірді. 23 жасар Бекжан Кеңесұлын атып өлтірген 4 азамат темір торға шілде айында қамалған болатын. Олардың бірі 17 жыл, қалған үшеуі 6 жылдан бас бостандығынан айырылған еді. Алайда, жәбірленушінің туыстары бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа шағымданды. Аппеляциялық сотқа Егембердиевтер отбасы мен сотталушылардың туыстары түгел жиналды. Алайда, сот отырысы кейінге қалдырылды. Өйткені, ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ

aa006101-mxf_snapshot_00-00_-2017-09-28_17-55-07

Оқиға 26 қыркүйек күні Мәртөбе ауылындағы «Мәртөбе» жалпы орта мектебінде орын алған. Жас шамасы 60-ғы математика пәнінің мұғалімі белгісіз себептермен мектептің шатырында асылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, әріптестері мәйітті тек кешкі уақытта тауып алыпты. Оның өзіне қол салуына не түрткі болғаны белгісіз. Қызметтестері ешқандай ұрыс-керістің болмағанын айтуда. Себебі, марқұмның ұлы осы білім ордасында директордың орынбасары қызметін атқарады екен. Бұл туралы толық ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ТЕУІП ЖІБЕРДІ

vid-20170927-wa0001-mp4_snapshot_00-40_-2017-09-27_11-15-18

Шымкенттік полицей тәртіпке бағынбаған бойжеткенді теуіп жіберді. Оқиға таңғы сағат 7-40 шамасында Тәуке хан даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кафеде жанжал шығып, тараптарды тәртіпке салу үшін полиция қызметкерлері тартылған. Бірақ ашулы топ, инспекторларға бағынбай, барынша қарсылық көрсетіпті. Осыдан кейін полицейлер тәртіп бұзғандарға күш қолданған. Мұны сол маңдағы куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Сондай-ақ куәгерлер жанжалға қатысқандардың барлығы ...

Әрмен қарай оқу »