Басты » Медицина (парақша 9)

Медицина

С.ПАКЕЕВ ҚАЗЫНАДАН ЖҰМСАЛҒАН ҚАРЖЫНЫ НЕГЕ ЖАСЫРДЫ?

неге

Франция мен Моңғолиядан келген профессорлар ұйқы безі мен бауыр ісігіне операция жасайды. Шетелдіктер 4 күннің ішінде 6 отаға қатысады. Күрделі әрі құны қымбат операцияға мемлекет тарапынан қаржы бөлінген. Бірақ облыстық денсаулық сақтау басқармасаның басшысы журналистерге жұмсалып жатқан ақшаның көлемін айтпай қойды. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

ҚҰРТ АУРУЫ ДА ҚАҒЫНЫП ТҰР

5_11_1-5.mp4_snapshot_01.13_[2015.11.05_16.45.38]

Құрт ауруы да қағынып тұр. Қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл дерт жыл өткен сайын асқынып барады. Облыстық клиникалық аурухананың 2-ші хирургия бөлімшесінде 9 айлық есеп бойынша ағзадан құрт алдыртқан науқастардың саны 280-ге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 50 адамға көп. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

ЖИЕНІ НАҒАШЫСЫНА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

27_10_3-2.mp4_snapshot_00.40_[2015.10.27_13.46.53]

Шымкентте үшінші рет бауырға трансплантация жасалды. Операцияға 5 айдан бері бауыр циррозы дертіне шалдығып, өмірі қыл үстінде тұрған Мұхтар Ермекбаев таңдалған. Қиын да күрделі туыстық операцияны іске асыруға Беларусь елінің білікті дәрігерлері келіп, ота жасады. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

ХАЛЫҚ ЕМІНЕ ЖҮГІНГЕНДЕР СЫРҚАТЫН АСҚЫНДЫРЫП АЛУДА

19-10-3-5.mp4_snapshot_01.13_[2015.10.20_15.30.38]

Омыртқа жарығын халықтық медицинамен емдеткен науқастар сырқатын асқындырып алуда. Соңғы кезде ауруынан айығамын деп ауруханаға түсіп жатқандар көбейген. Яғни, омыртқа жарығын балғамен ұрып, отпен шоққа күйдірген емшілер ауруды дендетіп жіберген. Салдарынан қазір науқастардың жағдайы нашарлаған. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР ӨРШІП БАРАДЫ

09-10-3-7.mp4_snapshot_02.02_[2015.10.09_17.29.04]

Өңірімізде гинекологиялық аурулар өршіп барады. Әсіресе, жатыр миомасы мен жатыр кистасына әйелдер көп шалдығуда. Бұл ауруға бұрындары жасы 40 тан асқан нәзік жандылар шалдығатын болса, қазір жас әйелдерді де бұл дерт дендеп алған. Өйткені жасанды түсік жасатушылар саны көбейді дейді облыстық аурухананың гинкологиялық бөлімінің меңгерушісі Нұржан Махмудов.

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

07_09_3_1.mp4_snapshot_00.04_[2015.09.09_12.40.50]

«Салауатты өмір салтын ұстан!» Қаламызда осындай атаумен денсаулық фестивалі болып өтті. Ауқымды шараға қаланың 3000-нан астам тұрғыны қатысты. Шара барысында өңірдің білікті дәрігерлері жиналғандарға тегін медициналық көмектер көрсетті. Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Әрмен қарай оқу »

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАН!

07_09_3_1.mp4_snapshot_02.04_[2015.09.08_17.47.45]

 Қаламызда осындай атаумен денсаулық фестивалі болып өтті. Ауқымды шараға қаланың 3000-нан астам тұрғыны қатысты. Шара барысында өңірдің білікті дәрігерлері жиналғандарға тегін медициналық көмектер көрсетті. Толығырақ тілші тарқатады.

Әрмен қарай оқу »

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

25_08_1-1.mp4_snapshot_00.03_[2015.08.25_18.41.11]

Халық ең көп тұтынатын дәрі–дәрмектер жыл соңына дейін қымбаттамайды. Биыл тамыз айында облыстық әкімдік, денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті үш жақты мемарандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес көпшіліктің сұранысына ие, отандық 200 дәрі–дәрмектіктің бағасы қымбаттамауы тиіс. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАЛАР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

01IMG_8177-620x370

Енді өңіріміздегі ірі жекеменшік медициналық клиникалар науқас адамдарды тегін қабылдайтын болады. Ол үшін мемлекеттен тапсырыс бойынша қомақты қаржы бөлінуі қажет. Осы мәселені талқылау үшін ҚР ұлттық кәсіпкерлік палатасының бас сарапшысы арнайы келіп, жекеменшік емхана, ауруханалардың бас дәрігерлерімен жиын өткізді. Айтуынша, жекеменшік клиникалар саны елімізде артып келеді, оның басым көпшілігі оңтүстікте бой көтерген. Статистиканы сөйлеткен сарапшы 2004 жылы жекелеген емханаларда бар ...

Әрмен қарай оқу »

ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

shutterstock_85055929

Қызылша ауруына қарсы екпе қазан айының біріне басталады. Бірақ, бұл жолы денсаулық сақтау басқармасының жауаптылары вакцинаның қауіпсіздігін түсіндіруге бір жарым ай бұрын кірісті. Естеріңізге сала кетейік жыл басында екпе алған жасөсірімдер арасында естерінен тану мен көз жұмғандары да болған еді. Осындай келеңсіз жағдайлардан соң ата-аналар жаппай вакцинадан бас тартқан болатын. Алайда уақытша тоқтатылған екпе енді қайта салынбақ. Гүлзира БЙАДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »