Басты » Спорт (парақша 13)

Спорт

БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ КОМАНДАСЫ ЕЛ КУБОГЫН ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІП АЛДЫ

Кадр от 00184.MTS

Шымкенттік БИІК-Қазығұрт командасы футболдан әйелдер арасындағы ел кубогының иегері атанды. Биылғы доп додасына еліміздің аймақтарынан 5 команда қатысқан болатын. Нәтижесінде ақтық ойынға Шымкенттік «БИІК — Қазығұрт» пен Көкшетаулық «Көкше» командалары шықты. Тартысты өткен ойында жерлестеріміз 6:1 есебімен қарсыластарын ойсырата ұтты. Алаң иелері сапынан Гулнара Габелия 5 голдың авторы атанды. Кездесуді тамашалауға Қазақстан футбол федарциясының президенті Ерлан Қожақапанов өзі арнайы келіпті. ...

Әрмен қарай оқу »

“ФИФА” ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ФУТБОЛЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

7_04_1-6.mp4_snapshot_02.24_[2015.04.08_15.00.40]

Ел чемпионатында өнер көрсететін барлық командаға ФИФА тарапынан спорттық жейде мен былғары доптар сыйға тартылды. Бұл спортшылардың ынтасын арттырып, елдегі әйелдер футболының дамуына жаңа серпін береді дейді мамандар.      Қазақстанда соңғы жылдары әйелдер футболына деген қызығушылық артып келеді. Осыны ескерген ФИФА қауымдастығы елімізге қолдау көрсетті. Кәсіби футбол лигасының басшысы Бағлан Ергешов өңірге арнайы келіп, қыздар командасының бапкерлерімен жүздесті. Олардың ...

Әрмен қарай оқу »

“ОРДАБАСЫ” КОМАНДАСЫ 2 – ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

450_55212791acc04

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5 – турында оңтүстіктің «Ордабасы» клубы өз алаңында «Тараз» ұжымын қабылдады. Тартысты өткен ойынның 51 минутынды ордабасылық Еркебұлан Тұңғышбаев есепті ашты. Мұнда «Тараз» қақпашысымен қорғаушылары допты қайтаруда қателікке жол берді. Қалған минуттарда қақпаларға гол соғылмады. Осылайша «Ордабасы» 1:0 есебімен жеңіске жетіп 11 ұпаймен турнир кестесінде 2 орынға көтерілді. «Жетісу» – «Ертіс» – 2:2, «Тобол» – «Шахтер» – ...

Әрмен қарай оқу »

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК БАЛУАНДАРЫ ОҢТҮСТІККЕ ЖИНАЛДЫ

30_03_5_5.mp4_snapshot_00.04_[2015.03.30_19.29.57]

Шымкентте дзюдодан жасөспірмдер арасындағы ел чемпионаты жалауын көтерді. Жарысқа аймақтардың намысын арқалған 160-қа жуық спортшы қатысты. Олар екі күн бойы татамиде өзара кім мықтыны анықтады.      Дзюдо күресінен дарынды балаларға арналған мектеп интернаттары арасындағы ел чемпионаты Бүргелек шатқалындағы „Байшешек„ спорт кешенінде бастау алды. Айтулы жарысқа еліміздің бірқатар облыстарынан 12 команда қатысты. Әрбір команда аймақтағы бірінші нөмірлі споршылардан тұрды. Сондықтан ...

Әрмен қарай оқу »

АРДАГЕРЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Канат_АРДАГЕР.MP4_snapshot_00.21_[2015.03.30_19.23.35]

Ұлы отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлер спорттың бильярд түрінен өзара кім мықтыны анықтауға кірісті. Аталған жарыс 2 күнге жалғасады. Додаға өңіріміздің аудан қалаларынан келген 50-ден астам қарт бақ сынасуда.      Жарыс жылдағы әдетінен жаңылмай сән салтанатымен бастау алды. Кіл мықтылардан құралған ардагер спортшылар ойынның жалпы ережесімен танысып алған соң, бірден сайысты бастап кетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған сайыс ұлы жеңістің ...

Әрмен қарай оқу »

ОРДАБАСЫ ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҰПАЙЫНА ҚОЛЖЕТКІЗДІ

10_03_3_5.mp4_snapshot_00.38_[2015.03.10_18.11.31]

Футболдан Қазақстан Премьер лигасының бірінші турында Павлодардың Ертісін қабылдаған Кумыков шәкірттері 1:1 есебімен тең түсті. Қажымұқан атындағы орталық алаңдағы матчты тамашалауға 3 мыңға жуық футбол жанкүйерлері жиналды. Биылғы маусымдағы алғашқы ойын болған соң футболшылардың бойынан қобалжу қатты байқалды. Дегенмен, есепті көп кешікпей алаң иелері ашты. Ордабасының жаңа ойыншысы Божич қорғаушылардан кейін шегінген допты қақпаға баспен тоғытып, шымкенттік жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. ...

Әрмен қарай оқу »

“ОРДАБАСЫ” ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

650_1aed7480ed2283d2cb4b791e4617869c

 Ордабасы футбол клубы келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Шымкенттіктер тартысты ойынды «Қажымұқан» атындағы орталық стадионында тамашалауы мүмкін. Әзірге УЕФА-дан арнайы келген сарапшы Давид Петриашвили мен Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов бағалау жұмыстарын жүргізуде.      Шымшахарға ат басын бұрған УЕФА-дан келген комиссия бірден іске кірісті. Шенеунік алдымен Қажымұқан атындағы орталық стадионды бетке алды. Табалдырықтан аттап ішке кірісімен көзге ...

Әрмен қарай оқу »

ЖАРАЙСЫҢ, ЖАҢБЫРОВ!

3_02_1-3.mp4_snapshot_00.57_[2015.02.04_18.52.36]

Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Грек-рим күресінен Францияның париж қаласында өткен халықаралық Гран При турнирінде Шымкенттік Асхат Жаңбыров күміс медальға қол жеткізді. Ел намысын 71 келіде қорғаған қазақ балуаны негізгі кезеңде Франция мен Эстония спортышларын ұтып ақтық сынға жолдама алған . Алайда финалда Швеция балуанына есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Айта кетейік, Францияда өткен гран При жарысында әлемнің 20 ...

Әрмен қарай оқу »

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР ӨЗАРА КҮШ СЫНАСТЫ

04_02_3_7.mp4_snapshot_00.04_[2015.02.04_18.46.37]

Облыстық бокс мектебі ұйымдастырған біріншілікте аудандардың намысын арқалаған 224 боксшы бақ сынады. Олар 20 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласты. Шаршы алаңға шыққан балғындардың басым бөлігі спортты жаңадан бастағандар дейді ұйымдастырушылар. Жарыста шеберлігімен көзге түскен спортшылар көп болды. Солардың бірі Ордабасылық Данияр Раушан. 32 келіде шаршы алаңға шыққан боксшы 6 кездесуде қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жарыс жеңімпаздары ...

Әрмен қарай оқу »

КИКБОКСТАН 4 ЧЕМПИОН

04_02_3_6.mp4_snapshot_00.01_[2015.02.04_18.35.06]

Облыстық кикбокс спортының қоржыны тағы да бірнеше жүлдемен толықты. Таразда өткен Республикалық жарыста жерлестеріміз 4 алтын медальға қол жеткізді. Аталған турнирде еліміздің 6 облысынан 200-ге тарта жасөспірім бақ сынаған. Нәтижесінде жерлестеріміз 4 алтынмен жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Үшінші орын Тараздық спортшыларға бұйырса, бірінші орын Қызылордалық кикбоксшылардың қанжығасында кетті. Үздік атанған спортшыларды алда ел чемпионаты күтіп тұр. Ел чемпионатынан ...

Әрмен қарай оқу »