Басты » Спорт (парақша 5)

Спорт

ҚОС БІРДЕЙ ШЫМКЕНТТІК КАРАТЭШІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

30_03_6_1.mp4_snapshot_00.50_[2016.03.30_16.01.51]

     Шымкенттік екі каратэші Қазақстан чемпионы атағына ие болды. 16 жасар Нұрдәулет Елемосов пен 12 жастағы Арсен Бекмаматұлы Астана қаласында өткен каратэнің киокушинкай түрінен Астаналық, және Ақтаулық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді. Жалпы өңіріміздің намысын қорғауға аттанған 6 спортшының екеуі алтын, үшеуі күміс, бірі қоланы қанжығаларына байлады. Екі күнге жалғасқан жарыста еліміздің әр өңірінен 300-ден астам каратэшілер ...

Әрмен қарай оқу »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОКС ҚҰРАМАСЫНА БҰРЫМДЫЛАР ІРІКТЕЛУДЕ

16_03_3-7-итог.mp4_snapshot_00.06_[2016.03.16_17.23.04]

ОҚО-да Бокстан қыздар арасында Қазақстан құрама командасы іріктелуде. 15-наурызда Қажымұқан атындағы орталық стадионға жиналған 12 облыстың боксшылары өзара кім мықтыны анықтады. Олардың ширақтығын байқау үшін Республикалық олимпиадалық даярлық орталығының директоры Ермахан Ибраимов арнайы келді. Олимпиада чемпионы кыздардың ептілерінен арнайы команда құрып, жазда Якутия елінде өтетін боксқа қызу дайындықты бастаймыз дейді. Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Әрмен қарай оқу »

“ОРДАБАСЫ” ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖАҢА МАУЫСЫМДА АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

14_03_3-2.mp4_snapshot_01.07_[2016.03.14_18.36.22]

Шымкенттік Ордабасы футбол клубы жаңа маусымда алғашқы жеңіске жетті. Кеше Бахтияр Байсейітовтың шәкірттері өз алаңында елдің бес дүркін чемпионы Ақтөбе командасын қабылдаған болатын. Енді Оңтүстік, турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Әрмен қарай оқу »

ӨҢІРДІҢ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІГІ АНЫҚТАЛУДА

05_03_7_2.mp4_snapshot_00.34_[2016.03.05_19.29.48]

Өңірдің жүзден жүйрігі анықталуда. Шымкентте спорттың ушу-саньда мен Кун-фу түрлері бойынша облыс біріншілігі бастау алды. Айтулы жарысқа, жігерлі, құрыш білекті спортшылар қатысуда. Олар бар жігерлерін салып жеңіске жетуге тырысуда. Себебі, үздік танылғандардың спорттық мансабы жоғарыламақ. Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

22_02_1-5.mp4_snapshot_01.42_[2016.02.22_18.36.11]

Ғабидолла Әбдірахымов, шаһарда алғаш рет өткізілген муай-тайдан қала біріншіліге арнайы келіп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Шабыты шарықтаған қатысушылардың шама-шарқын байқап, жоғары бағасын берді. Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

19_02_1-3.mp4_snapshot_00.07_[2016.02.19_17.59.35]

Үстел теннисінен ашық біріншілік басталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сайысты №6 теннис спорт мектебі ұйымдастырды. Шымкент қаласының спортшыларынан өзге 6 аудан қаладан жас спортшылар бақ сынауға келген. Балғындар бұл жарысқа үлкен дайындық жасаған. Ардақ БЕРДЕН

Әрмен қарай оқу »

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19_02_3-8.mp4_snapshot_00.24_[2016.02.19_17.12.20]

Бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетті. Жарысқа 2002 мен 2003 жылы туылған жас спортшылар қатысты. Олар 1 апта бойы сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

«БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» КОМАНДАСЫ АЛДАҒЫ ЖАРЫСҚА ҚЫЗУ ДАЙЫНДАЛУДА

17_02_3_7.mp4_snapshot_00.17_[2016.02.17_18.13.44]

«Биік-Қазығұрт» командасы жаңа маусымға сақадай сай. Аяқ доп шеберлері біліктіліктерін арттырып, жеңіс тұғырынан түспеу үшін, жан-жақты дайындалуда. Осы тұрғыда құрама сапын шет елдік спортшылармен толықтырып, оқу-жаттығу жиынына қатыспақ. Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТІК КАРАТЭШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА АЛТЫНАН АЛҚА ТАҚТЫ

12_02_1-2.mp4_snapshot_00.41_[2016.02.12_10.30.21]

 Өңірімізде каратэ спортының дамуы қарқынды. Оған спортшыларымыздың дүбірлі додалардан жүлделмен оралып жатқаны дәлел. Кезекті белестерін бағындырған  Шымкенттегі №11 спорт мектебінің шәкіртерін мысал ретінде айтуға болады. Олар жуырда ғана Қырғыстан Республикасында өткен халықаралық жарыстарда 6 бірдей алтын медальді жеңіп алды. Қанат БАЙСОВ

Әрмен қарай оқу »