Басты » Үшінші қала » НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі өз жұмысын 2013 жылдың 25-шы ақпанында бастаған. Үш қабаттан тұратын мектеп ғимараты 6 блокқа бөлінген. Олардың барлығы да соңғы үлгідегі, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Күні бойы білім беруге бағытталған мектепте бүгінде 675 оқушы халықаралық талаптарға сай білім алуда. Мұнда білім берудің сапасын көтеру, оқу үрдісіне инновацияны енгізу мен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сынды жұмыстар мықтап қолға алынған. Сапалы білім беру мен шәкірттер бойына 5 түрлі құндылықты сіңіру – білім ордасының өзгелерден басты ерекшелігі болып табылады.

     Мектепте барлығы 65 оқу кабинеті болса, соның 18-ін тіл үйрету бөлмелері құрайды. Ал, 9 кабинет математика пәніне арналып жасақталған. Химия мен биология пәндерінің әрқайсысына 6 кабинеттен берілген. Олардың барлығы да инерактивті және маркерлік тақталармен, сондай-ақ өзге де қажетті құрал жабықтармен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда жеке білім алуға арналған аудиториялар, психологиялық бейімдеу бөлмесі, педагогикалық, ақпараттық және зертқаналық бірнеше кабинеттер бар.

     Химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыны адамзат жетістіктерін игеруге жетелейді. Білім ордасы шәкіттерге сапалы білім бере отырып, олардың болашақта білікті маман иесі болуына жол ашады. Ендеше мектеп қабырғасынан қанат қаққан әрбір жастың болашағы жарқын, жүрер жолы даңғыл болары сөзсіз.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*