Басты » Редакция таңдауы » Жаңа маусымды Ордабасылықтар жеңіспен бастады

Жаңа маусымды Ордабасылықтар жеңіспен бастады

Өз алаңдарында Қарағандының Шахтерін қабылдаған жерлестеріміз 2:1 есебімен қарсыластарды қапы қалдырды. Алғашқы кезеңде команданы қолдауға келген жанкүйерлер қатары да аз емес. Жарты алаңды толтырған Ордабасы қолдаушылары ойыншылардың осы маусымда үздік үштіктен көтерілетініне сеніп отыр.

Доп додасын тамашалау үшін Қаламыздағы Қажымұқан алаңына жиналған қауымның қарасы көп. Себебі бұл жарыс бұрынғыдан өзгерек. Жаңа маусымдағы жаңа ойыншылардың аяқ алысын бақылап, сүйікті командасына жігер беруге келгендер жарты алаңды толтырды.

Өткен маусымды 22 жыл армандаған қоламен аяқтаған команда келген жанкүйерлерді жерге қараптады. Бірінші таймның 22 минутында Еркебұлан Тұңғышбаев қолдаушыларға қуаныш сыйлады. Жасыл алаңда бірнеше рет аяғының шалынғанына қарамай есеп ашуға ұмтылған ойыншыға келушілер дән риза.

Примьер лигада өңір намысын жаңа ойыншылар да қорғады. Солардың ішінде ерекше көзге түскендердің бірі Иван Нагаев. Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы бұл бәсекеде барын салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 65 минутта соғылған қарсыластар голынан соң, Нагаев 52 минутта есепті еселеді. Аяғындағы жарақатына байланысты жасыл алаңнан кеткен ойыншыны жанкүйерлер ду қол шапалақпен шығарып салды.

Осылайша 2:1 есебімен жеңіске жеткен Ордабасы ойынына жаңа жаттықтырушы да көңілі толатынын жеткізді. Бұдан өзге Георге Дерманжиев бұл маусымда төмен түспеуді алға қойып отырғанын да айтты.

Георги Дерменжиев

«Біз бұл ойынды ұзақ күттік. Тек 2 ай ғана дайындалдық. Бізді алдымызда тағы көптеген жұмыстар күтіп тұр. Мен бұл жарысты жеңіспен аяқтағанымызға қуаныштымын. Ойын барысында бізге туған жақсы мүмкіндіктер де аз болмады. Футболшылар берілген сәтті өз пайдаларына да асыра алды»

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*