Басты » Қоғам » Қазақстанда магистратураны бітірмеген түлектер шетелде білім ала алмайды

Қазақстанда магистратураны бітірмеген түлектер шетелде білім ала алмайды

Талқылауды терең талап ететін тақырыптардың бірі дін. Бір ғана қате түсінік бүкіл сенімді жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін, дін саласындағы өзгерістер облыстық семинарда түсіндірілді. Заң жобасында қаралатын баптардың мағынасы талқыланған жиын алдағы бейнематериалда толығырақ.

Бұрындары білім іздеген жастар шетел асып, сол елдің дінімен қоса мәдениетін салт-дәстүрін санасына сіңіріп келетін. Енді жаңа заң аясында Қазақстанда магистратураны бітірген түлектер ғана шетелдік ислам университеттерінен білім ала алады. Мұндағы мақсат дінге байланысты халық арасында туындап жатқан мәселелерге нүкте қою. Сонымен қатар жаңа заң бойынша екі жас алдымен АХАЖ бөліміне тіркеуге тұрып содан кейін мешіттерде мұсылмандық некесін қияды.

Бауыржан Есмахан

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти

Біздің іс-тәжірбиемізде байқадық екі жас жасырын пәтер жалдап, қасына екі куәні тауып алады, неке қиятын адамды тауып ұстазды тауып алады еш жерде бекітілмеген,некесін қияды да кейін ажырасып кеткен кезде ол келіншек әйел сонымен некелескенін, ол бала содан екенін дәлелдей алмай баласына алимент алайын десе төлете алмай жүреді.

Осылайша заңсыз некеге тұру, шетелге шығып діни білім алу, халық арасында үгіт насихат жүргізіп жат ағымды таратуға тиым салу мәселелері күн тәртібінде қаралды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға Оңтүстіктің имамдары түгел келді және діни басқарма төрағасының орынбасары да қатысты.

Асылбек Ноғаев

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директоры

Жаңалық деген қашанда қоғамда түсініспеушілік тудыруы мүмкін, немесе оның маманы болмағандықтан әркім алыпқашпа әңгімелермен жеткізіп қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін. Сондықтан біз Оңтүстікте ақпараттық түсініктеме топтарының басын қосып,аудандық имамдарды және іскі саясат бөліміндегі дінге жауапты мамандарды шақырып осы заңнаманы бастан аяқ жаңа форматта семинар етіп ұйымдастырып беруді жөн көріп отырмыз.

Орталық мешітте қозғалған тақырып алдағы уақытта облыстың барлық мешіттерінде талқыланбақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*