Басты » Қоғам » Кәмелет жасына толмаған азамат, әкесін ұрып өлтірді

Кәмелет жасына толмаған азамат, әкесін ұрып өлтірді

Ол осы әрекеті үшін, 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешім, қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды. Судья сотталушының 18 жасқа толмағандығын және істеген қылмысы үшін қатты өкінетінін ескеріп, жеңілдетілген жаза тағайындады. Сондай ақ, сот, Орман Бағдаулет өз әкесін абайсызда өлтіргенін негізсіз деп тауып, абақтыға жапты.

Жәнібек Сейітжаппаров

ОҚО қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Орман Бағдәулет Бақытұлы ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған осы бап негізінде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеуге қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.

Қанды оқиға Қазығұрт ауданында орын алған. Өткен жылдың 19 қараша күні Орман бағдаулет, әкесінің кепілдегі көлігін рұхсатсыз айдап кетіп, соғып алған. Бұл қылығына ашынған әке, мас күйінде баласына қол көтерген. Жасөспірім, әкесінің әлімжеттігіне шыдай алмай, темір затпен басынан ұрып, оқиға орнында мерт еткен. Мұнан соң, өзге көліктің жүк салғышына мәйітті салып, қала сыртындағы беккере шұңқырына апарып тастаған. Полицейлер денені бір аптадан кейін тапқан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*