Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте „Асқаровтың аққайыңдары„ сахналанды

Шымкентте „Асқаровтың аққайыңдары„ сахналанды

Тұсауы кесілген қойылым мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың ғибратты ғұмырына арналды. Ұлт мақтанышына жазықсыз жабылған жала, басынан өткерген қиындықтары Шерхан Мұртаза екеуінің сұхбаты арқылы көрсетіледі. Тарихқа үңілтер, көңілді тебірентер қойылым жайында әріптесім тарқатады.

Ұлт тағдырын — өз тағдырына балаған тұлға. Асанбай Асқаров елдің еңсе тіктеп, Оңтүстік өңірінің гүлденуіне теңдесіз үлес қосқан. Алайда, оның ерен еңбегі өз кезінде бағаланбай, әділетсіздіктің құрбанына айналды. Қойылымда, 1986 жылы желтоқсан көтеріліс ұйымдастырды деген кіна тағылып, 4 жыл темір торға қамалғаны бейнеленді. Бұл тарихи сәттер келтірілген шығарма, еліміздегі асанбай Асқаровқа арналған тұңғыш драма.

Махабат БАЙҒҰТ

ҚР еңбек сіңігрен қайраткері, жазушы

Менің драмам болғаны үшін қуанамын. Республикалық Тәуелсіздік толғауы байқауынан 1-ші орын алған. 49 02:20 ең қиыны, сахнаның ерекшелігін ұстап, икемделу.

Ұлт мақтанышының бейнесін Еркін Шымырқұлов келтірді. 30 жыл өмірін өнерге арнаған әртіс, бүгінге дейін 100-ге тарта образды сомған. Әр кейіпкерінің жан дүниесін жүрекпен сезініп, қаз-қалпында жеткізетін ол, Асанбай Асқаровты келтіру оңайға соқпаған.

Еркін Шымырқұлов –

театр әртісі

Әлеуметтік образды сахналау оңайға соқпайды. Екінің біріне бұйыра бермейді. Алдымен сыртқы ұқсастық керек.

Қойылым Асанбай Асқаровтың бастан өткерген қиындықтарын Шерхан Мұртазамен сұхбат арқылы келтіреді. Спектакль режиссері, көрерменді өткенге оралтып, қоғамды көз алдына келтіру үшін қолданылған әр затқа мән берген. Кейіпкерлер киімі, тағылған кісенді арнайы іздеп, мекемелерден жалға алған. Тағы бір ерекшелік, қойылым барысында әуендер тек жанды дауыста орындалған.

Жұмабек Есімов

қоюшы-режиссер

Бұл қойылымда фонограмма қолданылмады. Орындалатын әндер хор орындайды. Музыканы домбырамен сүйемелдейді.

Театр ұжымы қойылымды сахналамаққа 3 ай бойы дайындалған. Әр кейіпкердің образын ашу үшін 45 әртіс жұмылдырылған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*