Басты » Редакция таңдауы » Үшінші мегаполисте алтын және күміс алқа иегерлерінің саны 10 мыңға жуықтаған

Үшінші мегаполисте алтын және күміс алқа иегерлерінің саны 10 мыңға жуықтаған

Биыл Шымкент қаласының әкімдігі нәзік жандарды халықаралық әйелдер күнімен ерекше құттықтады. Концерттік бағдарламада, шаһар басшысының орынбасарлары, қалалық бөлім басшылары мен аудан әкімдерінің өзі өнер көрсетті. Мәдени шара аясында әртүрлі салада табысты еңбек етіп, көпке үлгі болған азаматшалар марапатпен мадақталды. Сондай-ақ үш анаға алтын алқа төсбелгісі табысталды. Бүгінде үшінші мегаполис бойынша алтын және күміс алқа иегерлер саны 10 мыңға жуықтапты.

Шаттыққа толы шарада шоқ гүлдер мен шексіз құрмет, әсем ән тек әйелдерге арналды. Қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, қазір нәзік жандардың барлық салада талмай еңбек етіп жатқанын тілге тиек етті. Есептерге жүгінсек, облыс тұрғындарының тең жартысын әйел азаматшалар құрайды. Бүгінде оңтүстіктің білім саласында 79 профессор, 1000 нан астам ғылым кандидатына ие арулар қызмет етуде.

Нұрлан САУРАНБАЕВ

Шымкент қаласының әкімі

Белгілі ақын Жүрсін Ерман ағамыз әйелге деген сезімін мынадай өлеңмен жеткізген. Қай кезде мейлі қай елде өмірдің мәні әйелде шын мықты болсаң егерде, әйелге оны дәлелде. Әлемнің тілін таппайсың әйелдің тілін таппасаң

Жылдағы дәстүрден жаңылмай ауданның қоғамдық-саяси өміріне етене араласқан, демографиясының дамуына үлес қосқан ақ жаулықты аналар марапатқа ие болды. Үш азаматшаға Шымкент қаласының дамуына үлес қосқаны үшін төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар бірнеше нәзік жанды мамандарға қала әкімінің Алғыс хаттары берілді.

Бүгінде оңтүстікте көп балалы аналар саны 100 мыңға жуықтаған. Тіпті бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республика көлемінде бірінші орында. Бір ғана үшінші мегаполистің өзінде 10 мыңға жуық алтын және күміс алқа иегерлері бар. Мерекелік шараға тосыннан келген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шымкенттік аруларды халықаралық мерекемен құттықтады.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

ОҚО әкімі

Бізде бүгін арнайы шымкент қаласының ханымдарын құттықтау үшін арнайы келіп отырмыз. Жалпы шымкент қаласы республикадағы үшінші орындағы қала. Халқы көп. Сондықтан қаладағы ханымдардың да саны көп. Бір ғана шымкент қаласының өзінде 10 мыңға жуық алтын күміс алға иегерлері бар.

Бүгінде бұл тізім тағыда үш анамен толығып отыр. Өйткені мәдени шараның ресми бөлімінде өңір басшысы үш азаматшаға алтын алқа төсбелгісін табыстады. Олардың барлығы 7 баланы дүниеге әкелген аналар.

Биыл қала әкімдігі ұйымдастырған мерекелік шара ерекше өтті. Өйткені концерттік бағдарламада шаһар басшысының орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық бөлім басшылары аруларға арнап ән салды. Оларды күнделікті қызметтік креслода көріп үйренген арулар үшін бұл нөмір ерекше тосын сый болды.

Мерекеде шымкент дауысы деп квартет құрған аудан әкімдері де өнерін көрсетті. Опера және балет театрының ғимаратына жиналған нәзікжандылардың барлығына гүл шоқтары тарту етіліп, көңілдерін жадыратты.

1975 жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-і күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекіткен. Елімізде мереке демалыс күні боп жарияланған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*