Басты » Редакция таңдауы » Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция салмақ

Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция салмақ

Іскерлік мүмкіндіктер мен инвестицияларды зерттеу мақсатында «ОҢТҮСТІК» Аймақтық Инвестициялық Орталықтың сарапшысы Саттар Мәжитов жұмыс сапарымен Үндістанға барып қайтты. Халықыралық жиынға экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 30-дан астам қазақстандық және байланыстарды орнатуға мүдделі 100-ге жуық Үндістан компаниялары қатысты. Іскерлік кеңес отырысы барысында екі елдің бизнес өкілдері бірнеше кездесулер өткізіп, ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Нәтижесінде Қазақстан мен Үндістан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы жаңартылған «Жол картасы», соның ішінде көптеген жаңа жобалар қабылданды. Алдағы уақытта Үндістан Республикасы өкілдерінің Оңтүстік Қазақстан облысына келуі және аймақ жобаларының жаңа бағыттарына инвестиция салу жоспарлануда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*