Басты » Редакция таңдауы » Сасбұқаев көшесінің тұрғындары қоғамдық көліктің тапшылығынан әбден шаршаған

Сасбұқаев көшесінің тұрғындары қоғамдық көліктің тапшылығынан әбден шаршаған

Жолға қараудан жалыққан жұрт. ” Сасбұқаев” көшесінің тұрғындары аялдама болғанымен, қоғамдық көлік мүлде қатынамайды, деп шағымдануда. Ал тасымалдаушы компаниялар жолаушылар легі аз деген сылтаумен, бұл бағытпен жүруден бас тартыпты. Мәселенің мән-жайын әріптесім анықтап көрді.

Сасбұқаев көшесінің тұрғындары қоғамдық көліктің тапшылығынан әбден шаршаған. Мұндай жетіспеушілікті жергілікті таксистер де біліп алған. Автобустың жолына телміріп, келмейтінін ұққан жұрт, амалдың жоқтығынан такси қызметіне жүгінетін көрінеді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, осыған дейін мұнда екінші бағыттағы қоғамдық көлік жүрген. Алайда жұрт қазір ол да жоқ, деп налиды.

Людмила Дорошенко

қала тұрғыны

«Бұрын мұнда автобус жақсы жүретін, өте ыңғайлы еді. Алайда бірнеше жылдан бері ешқандайда қоғамдық көлік қатынамайды. Біз қаланың басқа жерімен қатынау үшін жібек жолы көшесіне дейін жаяу жүруге тура келеді. Бұл егде жастағы адамдарға қиынға соғады. Бізге айтып еді бір автобусты жіберген дейді, бірақ біз оны мүлде көрмедік»

Бүгінде жібек жолы көшесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалалық жолаушылар тасымалы және автомобильдер жолдары бөлімінің мамандары бұл мәселеден құлағдар. Айтуларынша аталған бағытқа бірнеше тасымалдаушы компанияны жіберген. Дегенмен жолаушылар легі аз болғандықтан, тасымалдаушылар бұл көшемен жүруден бас тартыпты.

Наурыз СҮГІРАЛИЕВ

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі

Көлік және коммуникация секторының меңгерушісі « Бұл көшеге бірнеше бағыттағы автобусты жіберуге тырыстық. Бірақ жолаушылар дың аздығына байланысты тасымалдаушы компаниялар бұл көшемен жүруден бас тартып отыр. Сөйтіп біз 52 бағыттағы автобусты осы бағытқа жібердік. Қазір жібек жолы көшесінде қайта жөндеу жұмысы жүргіілгендіктен, автобус Сасбұқав көшесімен жүруді уақытша тоқтатты.

Сасбұқаев көшесімен қоғамдық көлік қатынай ма жоқ па? Бұл сұрақтың жауабы енді Жібек жолы көшесіндегі жөндеу жұмысы аяқталған соң белгілі болмақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*