Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте Оңтүстіктіктің құрылыс және өңдеу материалдарының көрмесі басталды

Шымкентте Оңтүстіктіктің құрылыс және өңдеу материалдарының көрмесі басталды

Дәстүрлі түрде өтетін „ShymkentBuild – 2018„ шарасы 3 күн бойына жалғасады. Көрмеге қатысушы компанияның 47 пайызы отандық өндірушілер болса, 17 пайызы шетелдік компаниялар.

Көрмеде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, сынды елдердің компаниясы өз тауарларын ұсынып отыр. Шараға қатысқан кәсіпкерлер құрылыс саласына қажетті жаңа технологиялармен етене танысып, өнімін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік алды. Мұнда қойылған өнімнің басым бөлігі отандық тауарлар. Ал „ShymkentBuild — 2018„ ауқымды жобасына қатысушы компанияның 59 пайызы Алматы қаласынан келіпті. Ал 17 пайызы шетелден келген қонақтар. Ел назарына ұсынылған өнім ерекшелігімен өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың өзі танысып қайтты.

Жылу алмастырғыш құралын сатумен айналысатын мына компания көрмеге осымен екінші рет қатысып отыр. Компания өкілінің айтуынша қазір бұл құралдар жаңадан салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерге қойылуда. Автоматтандырылған жылу пункттері тұрғындардың қаражатын үнемдеу мақсатында салынады, дейді ол. Ал аталған мекеме құрылғының басты құралының бірін саудалаумен айналысады. Мұндай ауқымды көрмеге қатысу арқылы, олар тұрғындарға құрылыс саласындағы жаңа технологияның қыр сырын түсіндіре аламыз деп отыр.

Даулет ЖУРТБОЛОВ

ARES Kazahstan„ ЖШС корпоративтік сату бөлімінің менеджері

Негізі бұрынғы құрылғының орнына келіп жатқан жаңа құрылғылардың бірі. Астанада алматыда 10 жылдан асты шет елдеде осы құрылғылар қолданылады. 215+ . 228 астанада компания орналасқан бірақ бүкіл қазақстан бойынша осы өнімдерді сатамыз.

Оңтүстікте 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінде өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріледі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.

Сондай ақ ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Жиын барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*