Басты » Редакция таңдауы » «Оңтүстік цирк» Түркістанда!

«Оңтүстік цирк» Түркістанда!

Шығармашылық ұжым биылғы жоспарға сәйкес көшпелі цирк өнерін жандандырмақ. Олар облыстың барлық аудандарына барып, кішкентай бүлдіршіндерге өнерлерін паш етеді. Өнер ұжымы гастрольдік сапарға қандай сый алып барды? Әріптесім Динара Сарсембаева айтып береді.

Оңтүстік цирк ұжымы қазір қызу дайындық үстінде. Бірер күннен соң, олар өзгеше жаңашылдықпен, өзгеше бағытпен Түркістан қаласына жол тартады. Көрермендердің қошеметіне бөленген өнер иелері мұнымен тоқтап қалмайды. Гастрольдік сапарын Қазақстанның өзге де қалаларын да жалғастырмақ ниетте

Арман Алиев

«Оңтүстік цирк» МКҚК директоры

Түркістан қаласында қасиетті топырақтан наурыздың 8-25 аралағында біздің „Оңтүстік цирк„ бірінші рет жылжымалы циркпен өзінің „Наурыз думан„ атты қойылымын бастады. Мінекей көрермендердің алғысына бөленіп жатырмыз.Көрермендер оң баға беріп жатыр.

7 жылдық тарихы бар Оңтүстік цирк мекемесінде қазір 200 – ге жуық қызметкер жұмыс істесе, оның 44-і әртістер. Өнер иелері бұған дейін де біраз биіктерді бағындырған. Мәселен Халықаралық „Шабыт„ „Азия жаңғырығы„ сынды байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінген.

Ержан Таңатов

«Оңтүстік цирк» МКҚК әртісі

Цирк өнері спортпен тығыз байланысты нәрсе ғой. Халық көреді,кішкентай бүлдіршіндерде сұрап жатады. Бізде осылай циркке қатыссақ деп. Және жан-жануарларға қызығады.Клоун көргісі келеді. Клоун болып, балаларға қуаныш сыйлап қайттым. Өзім қуаныштымын.

Әйелдер күні мерекесіне орай „Оңтүстік цирк„ ұжымы „Наурыз думан„ атты жаңа бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды. Бағдарламада цирк жанрындағы ерекше номерлер көрсетілді. Қиыннан қиыстырып трюк жасайтын акробаттар мен қатар қара күш иелері де өнер көрсетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*