Басты » Редакция таңдауы » Облыс әкімдігінде аудандардың даму концепциясы талқыланды

Облыс әкімдігінде аудандардың даму концепциясы талқыланды

Бәйдібек пен Қазығұрт аудандырының әкімдері 2018-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын облыс әкіміне таныстырды. Жеті жылдық даму жоспарында аймақтың тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы сынды бірқатар салалар қарастырылған. Әр ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясын дайындау облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып отыр. Бұдан бөлек, концепцияда туризм саласы мен ауданның негізгі салаларының бірі болып табылатын аграрлық саланы дамыту жайы да қаралған. Ауыл шаруашылығының дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Осыны назарға алған облыс басшысы осы бағыттағы жұмыстарды мықтап қолға алып, игерілмеген жерлерді қолданысқа қосуды айтты. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық салаларында кездесетін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*