Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жас жігіт 4-ші қабаттан құлап қайтыс болды

Шымкентте жас жігіт 4-ші қабаттан құлап қайтыс болды

Қайғылы жағдай Рысқұлов көшесі бойындағы құрылыс нысандарының бірінде орын алған. Куәгерлердің айтуы бойынша, 17 жасар азамат, жаңа салынған ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан. Кенеттен ол құлап кетіп, оқиға орнында мерт болған.

Шамамен 15 метр биіктікте жұмыс жасап жатқан 17 жасар жасөспірімнің өмірі қыршыннан қиылды. Ол, туыстарымен бірге „Сым Тас Проект„ ЖШС -не жалдамалы қызметкер ретінде жұмыс жасаған. Сол күні, ешқандай қауіпсіздік шараларын сақтамаса керек, нысанның 4- ші қабатынан құлап кеткен. Алайда оны аман алып қалу мүкін болмаған.

Бұл туралы Облыстық еңбек инспекциясы хабардар болып шықты. Олардың айтуынша, арнайы комиссия құрылып, келеңсіз жағдайға қатысты, ақпарат нақтыланады.

Қайғылы жағдайдың мән жайын анықтауға құрылыс орнына барған болатынбыз. Алайда, жауапты басшылардың бірінде таба алмадық.

Сым Тас Проект„ ЖШС -нің қызметкерлері жұмысты әдеттегідей қызу жүргізуде. Оларға қарап, қауіпсіздік шараларының сақталмағандығын байқауға болады. Өйткені, мұндағы жұмысшылардың арнайы киімдері мен бас киімдері жоқ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*