Басты » Редакция таңдауы » Оқуға түсуге көмек көрсетемін деген алаяқ ақыры ұсталды

Оқуға түсуге көмек көрсетемін деген алаяқ ақыры ұсталды

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған. Олар өз шағымдарында белгісіз тұлғаның оқуға түсіріп беремін деген уәдесіне сеніп, ақша бергенін көрсеткен. Мәселен, жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретінін уәде етіп, 700 мың теңгесін алып белгісіз бағытта жасырынған. Сарыағаш АІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады, ол 25-30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы бары анықталды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*