Басты » 13 Аймақ » Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен, онда Сарыағаш-Шардара тас жолында мекеме автокөлігінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны көрсетілген деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жетіп, бетперде киген белгісіз тұлғалар жүк көлігін тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыларды қарумен қорқытып, миллион теңгеден астам ақшаларын алып кеткенін анықтаған. Жәбірленушілердің бірі Сарыағаш ауданының тұрғыны жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Полицейлер қарақшылық шабуылға қатысы бар үшінші сыбайластарына іздеу жариялады. Ал, аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

————-

Шымкенттік полицейлер, 80-жастағы Нұрсейіт Ибрагимовты Алғыс айту күнімен құттықтады. Өз ісінің маманы Нұрсейіт Ибрагимов бейнелеу өнерінің хас шебері. Ол жарты ғасыр бойы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қылмыстын ашылуына септігін тиігізіп келеді.Полицейлер суретшінің үйіне арнайы барып, салтанатты түрде Алғысын білдіріп, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Тәртіп сақшылары суретшіге күдіктінің фотороботын жасап, қылмысты ашу үшін үнемі хабарласып, оның көмегіне жүгінеді. Өз кезегінде 80-жастағы ақсақал полицейлерге оның еңбегіне жоғары баға бергеніне дән риза болып, жұмыстарына табыс, қылмыстардың көптеп ашылуын тіледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*