Басты » 13 Аймақ » Жолды бөлісе алмаған жүргізушілер жол апатына ұшырады

Жолды бөлісе алмаған жүргізушілер жол апатына ұшырады

Республика даңғылымен Асанбай Асқаров көшесінде 3 көліктің қақтығысуымен көлік апаты тіркелді. Үш жеңіл көлікте қиылысқа келгенде жолды бөлісе алмаған. Жүргізушілердің айтуы бойынша, фольтсваген көлігі киа теміртұлпарын сырып кеткен. Қақтығыстан қашпақ болған корейлік көлік, тайотаны соққан.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс жасап, оқыс жағдайдың орын алу барысын анықтады. Айта кетейік, зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге түрлі шығын келген.

Ал, Әл Фараби көшесінде нексия және шевроле көліктері соқтығысып тынды. Бұл жолы да көліктер бірін біріне жол бермеген. Нақтырақ айтар болсақ, нексия шевроле машинасының бүйірінен соққан. Нәтижесінде,америкалық көліктің алдыңғы бампері майысқан. Оқиға орнына жол патрульдік полиция қызметкерлері шақыртылды. Олар тиісті сызу жұмыстарын жүргізіп, кінәлі азаматты анықтауға тырысты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*