Басты » 13 Аймақ » 13 регион бағдарламасында басты жаңалықтар

13 регион бағдарламасында басты жаңалықтар

Дінмұхаммед Қонаев даңғылы мен Ғани Ілияев көшесінің қиылысында жол көлік апаты тіркелді. Бағдаршамға келген жеңіл көліктің артынан газель соққан. Соған қарағанда екі темір тұлпарда ра қашықтықты дұрыс сақтай алмаған. Салдарынан, көліктерге түрлі жағдайда материалдық шығын келген. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында тәртіп сақшылары шақыртылып, келеңсіз жағдайдың орын алу барысы анықталу үстінде.

……………………………………………………………………………………………………………………………

Тағы бір жол апаты, Адырбеков және Мәделі қожа көшелерінің қиылысында орын алды. Бұл жолы көліктер кімнің басты жолда екендігін анықтай алмаған секілді. Өйткені, фольксваген көлігі тайота көлігінің бүйір тұсынан соққан. Салдарынан, көліктерге әжептеуір шығын келген. Екі көлікте де жүргізушілерден басқа ешкім болмаған. Екеуі де дін аман. Апатты жағдай тіркелген жерге жол патрульдік полиция қызметкерлері шақыртылып, тиісті сызу жұмыстары жүргізілді.

……………………………………………………………………………………………………………………..

Кезекті өрт оқиғасы Тәуке хан даңығылында орын алды. Бізге жеткен ақпарат бойынша көпқабатты үйдің төменгі қабатында орналасқан қоқыс тастайтын орыннан өрт шыққан. Сол маңдағы тұрғындар, түтінді көріп, бірден өрт сөндірушілерге хабарласқан. Көрсетілген мекен жайға жеткен төтеншеліктер, келеңсіз жағдайдың алдын алып, лезде, көк түтінді ауыздықтады. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің бір техникасы және бірнеше адам жұмыс жасады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*