Басты » 13 Аймақ » Қарақшылар тәртіп сақшыларынан қашып құтыла алмады

Қарақшылар тәртіп сақшыларынан қашып құтыла алмады

Сарыағаш ауданының тергеушісі тонау жайты бойынша айыптау актісімен сотқа жолдады. Өткен жылдың қараша айында Сарыағаш АІІБ-ның полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Арызда аудандық ауруханаға дене жарақатымен ер азаматтың жеткізілгені көрсетілген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жергілікті моншалардың бірінде жарақат алған азаматтың Қызылорда облысының тұрғыны екенін анықтады. Тергеу барысында 50 жастағы ер азаматтың монша қызметкерімен өзара жанжал туындағаны, әйелге көмектесуге оның үш ұлы келіп, клиентті ұрып-соғып, 170 мың теңгесін алып қойған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тонау жайты бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.

…………………………………………………………………………………………….

Шымкент қаласында полицейлер автокөлік аккумулятор ұрлығының бірнеше жайтын анықтады. 102 нөміріне облыс орталығының бірнеше тұрғындары арызданған. Онда белгісіз тұлғалар олардың автокөліктерінің аккумуляторын ұрлап кеткені айтылған. Сонымен, жәбірленушілердің бірі өткен жылдың желтоқсан айында арампиғылдылар оның жүк көлігінің бағасы 50 мың теңгеден асатын екі аккумуляторын ұрлап кеткенін хабарлаған. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында төрт күдіктіні ұстады, олар 1993 және 1994 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары. Полицейлер анықтағанындай ұсталғандардың аккумулятор ұрлығының 5 жайтына қатысы бары белгілі болды. Күдіктілер ұрланған заттарды жергілікті сауда нүктелеріне сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің басқа да бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*