Басты » 13 Аймақ » Полицейлер автокөлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні ұстады

Полицейлер автокөлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні ұстады

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлға жасырын түрде «Опель Вектра» автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласының 1993 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдікті ұрланған автокөлікпен бағанаға соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, белгісіз бағытқа бой тасалағаны анықталды. Күдікті қамауда. Бұрын-соңды екі рет сотты болған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің автокөлік ұрлаудың 8 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Аталған жайт негізінде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көлікті ашық қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше өз автокөлігіңізге дабыл жүйесін және күзетпен қамтамасыз етілген автотұраққа қойыңыз.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*