Басты » Редакция таңдауы » SHYMKENTBUILD-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды

SHYMKENTBUILD-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «ShymkentBuild-2018» атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды. Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты – құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында алтын көпір орнату болып табылады.

Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорынның құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды.

Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз бес әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған орай ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді. Бұл ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*