Басты » Редакция таңдауы » Болатбек Төлегенге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты

Болатбек Төлегенге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты

Парамен ұсталған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлегенге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Шымкент қаласы Абай аудандық соты экс шенеунікті кінәлі деп тауып, Қазақстан Респбликасы заңдарына сәйкес оған 40 млн 547 мың теңге көлемінде айппұл төлеу жазасын тағайындады. Және ол мемлекттік мекемелер мен ұйымдарда басқару қызметін атқару құқығынан өмір бойына айрылатын болды. Сот залынан босатылған Болат Бақтиярұлы аталған сомманы 1 ай көлемінде төлеуі тиіс. Егер айыппұлдан жалтарған жағдайда бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 6-шы қазаны күні облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Болатбек Төлеген 2,1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Ол бұл қаржыға мемлекеттік тапсырыстарды шешпек болған. Алайда тергеу барысында, оның 600 мың теңге пара алғаны дәлелденіп, оған мемлекет пайдасына 70 есе етіп қайтару жазасы тағайындалды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*