Басты » Редакция таңдауы » Мамандық таңдау – маңызды қадам

Мамандық таңдау – маңызды қадам

Шымкентте Елбасының “100 нақты қадам” бағдарламасы аясындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда. Қаратау ауданының əкімдігі алғашқылардың бірі болып мектеп оқушыларын шетелде оқып жетістікке жеткен жастармен кездестірді. Форум барысында үш жақты меморандум түзіледі деген жоспарда бар. Сөйтіп мамандар мұндай кездесуді ауданға қарасты барлық мектепте ұйымдастыруды қолға алмақшы.

Форумға арнайы шақыртылған қонақтардың бірі Асхат Нұрлыбаев. Жасы небəрі 27 де болғанына қарамастан, ол үшінші мегаполисте 5 бірдей бизнес жобасын дөңгелетіп жүр. Жас кəсіпкердің сөзінше олар қазір жоба аясында 30-дан астам азаматты жұмыспен қамтуда. Мектеп табалдырығын тəмəмдаған соң, Асхат аспан асты елінде білім алған. Дегенмен бизнесмен жетістікке жету үшін шет ел асу міндет емес дейді. Бастысы мамандықты дұрыс таңдап, тура жолдан таймау қажеттігін алға тартады.

Асхат НҰРЛЫБАЕВ

кәсіпкер

Дәл қазір жастарға айтарым, мамандық таңдаған кезде, қателеспей таңдау. Сол бойынша 4-5 жыл оқыған адам ол өз ісініе бапкер болса, мықты болса оның жұмысы әрқашан жүреде деген ойдамын.

Креативті идеясымен ерекшеленетін Қаратау əкімдігі бұл жолы тағы бір тың жобасын алғашқылардың бірі болып іске асырып отыр. Баланы жастан, демекші мамандар мектеп оқушыларын қазірден болашақ мамандығына жауапкершілікпен қарауға шақыруда. Табандылықпен, ынтамен істелген жұмыс қана нәтиже береді. Ал ол үшін мамандық таңдауда қателеспеген ләзім. Ұйымдастырушылар мұндай форум сол себепті оқушылар үшін тиімді екенін айтады. Жиын барысында үш жақты меморандум түзіледі деген жоспарда бар. Аудан əкімідігі, мектеп директоры мен жас мамандар өзара келісімге отырады. Сөйтіп мұндай ашық əңгіме алаңдары аудан көлеміндегі барлық білім ошақтарында өткізіледі.

Ғабит МӘУЛЕНҚҰЛОВ

Қаратау ауданының әкімі

Қазіргі таңда сол ой өрісі дамып, шет елде оқып келген 1ға жуық жастарды жиол болашақпен оқып келген баслдардың көзқарасын жеткізу Мүмкін әрі қарай жоба болса, бастама жасап, мемарандум түзіп жұмысты жалғастырсақ.

Форумға жаста болса кәсібін дөңгелетіп жүрген жалпы 10 спикер шақыртылған. Азаматтардың барлығы шет елде білімін шыңдап қайтқан. Кездесу барысында тəлімгерлер, спикерлерге көкейіндегі сауалдарын қойып, жан-жақты кәсіби кеңестерге қанықты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*