Оңтүстікте былғары қолғапты таңдап жатқан қыздардың саны артуда. Бірқатар аруларымыз бүгінгі таңда дүбірлі додаларда сәтті өнер көрсетіп жүр. Солардың бірі – Майя Бисебаева. Бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионы енді халықаралық турнирге дайындық үстінде.