Басты » Редакция таңдауы » «Мәңгілік Ел-туған өлкем»

«Мәңгілік Ел-туған өлкем»

Дәстүрге айналған экоклубтардың фестивальі биыл осындай тақырыппен ұйымдастырылды. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған іс-шараға, аудандық және қалалық байқаудан өткен командалар келген. Барлық кезеңдерден сүрінбеген мықтылардың мықтысы ғана облыстық фестивальге қатысып отыр. Байқау үш кезеңнен тұрды. Топ құрамында 10 білім алушы және 1 жетекші болды. Қатысушылар туған өлкелерінің көркем жерлерін әнмен жеткізді. Табиғат ғаламшардың ғаламаты екенін оқушылар көрерменге түсіндіре білді. Жиында экоклубтардың жұмысын жаңғырту жағы да сөз болды. Бүгінде әр мектепте экологиялық үйірмелер мен клубтар бар. Бұлар бір жылға жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасайды.

Ұлжан ҚАМЫТБЕКОВА

Облыстық экологиялық орталықтың директоры

Мақсатымыз Балаларға экологиялық тәрбие мен білім беру процесін қалыптастыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті әрине қайтадан қалыптастыру дейміз Сонымен қатар өзіміздің мемлекеттік тілге құрмет көрсету экотобтардың жұмыстарын жаңғырту шығармашылық жұмыстарға баулу болып табылады

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*