Басты » Редакция таңдауы » ЖОҚ-ЖІТІККЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

ЖОҚ-ЖІТІККЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

Жомарт жүректі жандар жақсылық жасады. Төлеби ауданында ұйымдастырылған акцияда 250 көмекке мұқтаж жан күтпеген сыйға тап болды. Оларға «Кезең 2050» Республикалық қоғамдық бірлестіктің атынан киім-кешек таратылып, көңілдерін көтерді.

     Төлеби өңіріне арнайы ат басын бұрған ағалар жомарттық жасап, бұл шараны өзгеден ерек етті. Ұйымдастырушылар Қазақ бақытты әрі бақуатты болуға әбден лайық деген ұғымды ұстанған. Республикалық «КЕЗЕҢ 2050» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Досым Оралбай, көңілі жарым бір қауым елдің балаларына көктем мен жазға арналған киімдерден үлестіріп берді.

     Жетімдік қамытын киген жандардың бірі Орынкүл Батырбекова. Ол аудандық балалар үйінің шәкірті. Мереке қарсаңында жүрегіне жылу үмітін ұялатқан ел ағаларына айтар алғысы шексіз.

     Қоғамдық бірлестіктің өкілдері Төлебиде бастау алған сауапты істі, мұнымен тоқтатпай эстафета ретінде өзге аудандарға жалғастырсақ деп отыр.

Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*