Басты » Редакция таңдауы » Күнгейде Наурыз мейрамы биыл 5 күн бойы тойланады

Күнгейде Наурыз мейрамы биыл 5 күн бойы тойланады

Ең басты мерекелік шара Қазығұрт тауының етегіндегі Атбұлақ ауылында ұйымдастырылмақ. Шара аясында 40- тан астам кйіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Биылғы мереке тұрғындарды тағы несімен таң қалдырады? Әріптесім Жанболат Мэлсұлы баяндайды.

Халық арасында таралған аңыз- әңгілемерге сүйенсек, жер бетінде тіршілік атаулы Қазығұрт тауынан басталған. Сондықтан өңір басшысының иедеясымен биыл Ұлыстың ұлы күнін тойлау Қазығұрттан басталмақ. Мереке аясында 40-тан астам киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылады. Ұлттық ойындар мен сахналық көріністер мерекенің көркін одан әрі қыздыра түседі.

Мерекелік шарада елбасының „Туған жерге тағзым„ жобасы аясында өз қаражатына нысандар салып, халықтың игілігі үшін тапсырған кәсіпкерлер алғыс хатпен марапатталады. Сондай-ақ бұл күні өңірдің сазгерлері шығарған „Руханы жаңғыру„ атты жаңа әннің тұсауы кесілмек.

Мерекелік шара 22-наурыз күні Шымкент қаласындағы „Наурыз„ алаңында жалғасын табады. Тұрғындарға арнап, „Наурыз көктем Шымқала „ атты концерттік бағдарлама ұсынылады. Өнер майталмандары ән мен биден шашу шашып, жиналғандар „Наурыз Думан„ мерекелік шеруін тамашалайды. Сондай-ақ тұңғыш рет әуе шарларының фестивалі өтеді. Фестиваль аясында әуеге шарлар ұшырылып, білікті мамандар өз тәжірбиесімен бөліседі. Ал Шымкент тен Ташкентке дейін созылатын велошеру бауырлас елдердің достығын нығайтып, Наурыз мейрманының мағынасын арттыра түспек.

Осылайша ұлыстың Ұлы күні мерекесі облыстың барлық аудан қалаларында 5 күн бойы тойланады. Ұлық мерекені жоғары деңгейде атап өту үшін облыстық бюджеттен 34,5 млн, ал қала қазынасынан 20 млн теңге қаржы бөлінген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*