Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстікте зиянкестерге қарсы химиялық шаралары 350 мың га жүргізілмек

Оңтүстікте зиянкестерге қарсы химиялық шаралары 350 мың га жүргізілмек

Оңтүстікте зиянкестермен күрес жұмыстары сәуір айының алғашқы он күндігінде басталады. Биыл, 350 мың га жерге химиялық шаралар жүргізіліп, мұны жүзеге асыруға 19 топ құрылып, 48 инпектор мен 19 автокөлік жұмылдырылмақ. Бұл туралы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұржан Кашкенов мәлімдеді.

Оңтүстікте өткен жылы зиянкестерге қарсы химиялық күрес қарқынды жүргізілді. Себебі, марокко, саяқ шегірткелері егістік алқаптарын жайлап, дихандарды шығынға ұшырата жаздады. Нәтижесінде мамандар, 443 мың га жерді залалсыздандырды. Яғни, 274 мың га жер үсті агрегаттарын, 155 мың га авияцияны пайдаланды. Ал, саяқ шегіркесін жоймаққа жергілікті бюджеттен 25 млн теңге бөлініп, 14 мың га жер химиялық өңдеуден өтті. Биыл, да саяқ шегірткесін жоюға қазынадан 92 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 40 мың га жер өңделмек.

Нұржан КАШКЕНОВ

ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы

Өсімдіктер карантины бойынша біздер былтырғы жылы карантинды нысанға қарсы 6 түрі бар. Соның калифорниялық қалқаншалы сымбырына қарсы 147 025 га химиялық өңдеулер жүргізіліп, сонымен қатар камсок сыбырына қарсы 240 мың га жеміс жебіріне қарсы 240 га жатаған укрикриға қарсы 3394га, бақша өнімдерінің карантинның 1-ші және 2-ші ұрпағына 8734 га химиялық өңідеу жасалды. 220 заң бұзушылық анықталып, 8 млн айыппұл салынды.

Фитосанитария талаптарын орындау тәртібі бойынша, 115 кәсіпкерлік субъектке тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 65 заң бұзушылық анықталып, 1 млн 917 мың теңге айыппұл салынған. Қазіргі таңда қаржы толығымен өндірілген.

Нұржан КАШКЕНОВ

ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы

Өсімдіктерді қорғау заңына сәйкес, әр бір жеке және заңды тұлға фитосанитарлы бақылау қызметіне байланысты. Жеке және заңды тұлға өз жерлерінде санитарлық мониторинг пен санитарлық күрес шараларын жүргізуге міндетті.

Биыл, зиянкестерге қарсы химиялық шаралары 350 мың га жүргізілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге азайған. Облыстық аумақтық инспекция тарапынан марокко шегіркесіне қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге 19 топ құрылған. Өңдеу жұмыстары сәуір айының алғашқы 10 күндігінде басталады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*