Басты » Редакция таңдауы » «Кең баба» саябағы жаңа кейіпке енбек

«Кең баба» саябағы жаңа кейіпке енбек

Екі жылдан кейін демалыс орнында су жаңа 25 әткеншектер пайда болады. Қазір бұл нысанда тек шағын дәмхана жұмыс істеп тұр. Қалған аймақта – құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Ауқымды жобаны әзірлеуді жеке инвесторлар қолға алған. Басты мақсат бұрынғы балалар саябағын заманауи талапқа сәйкестендіру. Сөйтіп олар бұл жерді қызықты отбасылық демалыс орнына айналдырмақшы. Алдағы уақытта Кең баба саябағында италияндық жаңа әткеншектер орын тебеді. Алдын ала есептеулер бойынша бұл жұмысқа жалпы 30 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалады.

Жеңіс НАУРЫЗОВ

«Кең баба» саябағының директоры

Қазір мұнда ребрендинг жұмыстары жүріп атыр. Бұрын кең баба саябағы болса, енді отбасына арналған ойын сауық саябағына айналады. Ескі әткеншектің барлығын алып тастаймыз. Оның орнына су жаңасы қойылады. Шымкентте алғаш рет американдық горкалар мен „катапульта„ әткеншегі пайда болады. Сөйтіп жалпы 25 жаңа әткеншек орын тебеді.

Жаңартылған саябақта ескі мүсіндік композицияларға да ерекше мән беріледі. Ал қала қонақтарының көзайымына айналған аққулар орнында қалады. Сондай-ақ демалыс орнындағы дәмханалар жұмысын жалғастырады. Дегенмен этнопарктегі жарықтандыру жүйесі жаңартылмақшы. Алдағы уақытта қарапайым шамдардың орнын ертегі жапырақтарындай шамдар басады. Бастысы қайта жөндеу жұмысы барысында ағаштарды кесу шарасы жүргізілмейді. Керісінше Кең баба жаңа экзотикалық өсімдіктермен толығады.

Жеңіс НАУРЫЗОВ

«Кең баба» саябағының директоры

Ескі ағаштар біздің саябақтың фишкасы. Біз оларды тек сақтап қоймаймыз. Саябақты одан әрі жасыл желекке айналдыруды көздеп отырмыз. Сочиден пальмаларға тапсырыс бердік, алдағы уақытта олар жақсы отырады деп ойлаймыз. Енді барлығын тәжірибеден өткізіп көреміз.

Жоспарға сәйкес,„ Кең баба„ саябағының дизайны да толығымен өзгереді. Қазір мамандар этнопаркте әрлеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Саябақ директорының сөзінше әткеншектерге арналған билет құны 200-500 теңге көлемінде болмақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*