Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте „ҚазТрансГазАймақ„ АҚ-ның өкілдері тағыда сынға ұшырады

Шымкентте „ҚазТрансГазАймақ„ АҚ-ның өкілдері тағыда сынға ұшырады

Шымкентте „ҚазТрансГазАймақ„ АҚ-ның өкілдері тағыда сынға ұшырады. Олар кәсіпкерлерді қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің кезекті шақыртуын елемей, жиынға қатысқан жоқ. Басқосуда бизнесмендерде туындайтын әкімшілік кедергілер тақырыбы қозғалған. Кәсіпкерлер тарапынан газ саласының мамандарына түскен арыз шағым қатары шаш етектен.

Кәсіпкерлер палатасынының есебіне жүгінсек, өткен жылы табиғи монополияның әркетіне бизнесмендер 500 -ден астам арыз — шағым түсірген. Мамандардың сөзінше, олар су және электр энергиясын жеткізушілермен туындаған мәселені байланыс тобы арқылы шешеді. Алайда кәсіпкерлер палатасы газ жеткізушілермен мүлде байланыстың жоқтығын айтады. Тіпті олар тиісті жиынға қатыспайтын көрінеді.

Өмірзақ Мелдеханов

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жанандағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі

Олар бірінші кезекте заңды бұзып отыр. Еліміздің конститутциясын, тұтынушылардың құқығында аяққа таптауда. Кеңес мүшелерінде елемей отыр.

Жергілікті кәсіпкерлердің сөзінше,„ҚазТрансГазАймақ„ филиалының қызметкерлері оларды қолданатын көгілдір отын көлемін келісім шартта алдын ала көрсетуге мәжбүрлейді. Алайда белгіленген газ мөлшерінен көп немесе одан аз қолданса, айыппұл саламыз деп қорқытады, дейді шағымданушылар. Тіпті монополистер бизнесмендерді газды қолданғаны үшін алдын ала төлемақы беруге міндеттеп отыр.

Рашид БИСЕНБАЕВ

кәсіпкер

Қазір олар келмеді. Біз түгілі міне көрдіңіз ғой, келмейі мүлде, қатынасы осындай. Прибор учета бар, біз айтып жатырмыз соған қарап төлейміз деп, олар жоқ 100 пайыз алдын ала төлем болады дейді. Олар айтады біз жылу алмасақ қалай төлейміз деп.

Дегенмен жиынға қатысушылар кеңес отырысында түзілген күн тәртібіндегі сұрақтарға жауап ала алмады. Мамандар кезекті жиынға монополистер қатысса, кәсіпкерлерде туындаған мәселе шешімін табады деп сенім білдіреді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*