Басты » Мәдениет » Бұл жәрмеңке бұрынғыдан өзгерек…

Бұл жәрмеңке бұрынғыдан өзгерек…

Көрісу күніне орай Шымкентте жәрмеңке өтті. Тауар өндірушілер өңіріміздің аудандары мен қалаларынан келген. Олардың арасында, ұлттық нақыштағы сөмке сатушыларынан бастап, ұлттық тағам өндірушілері де бар. Мақсат- өнімдерді  халыққа арзан бағада ұсыну.

Бұл жәрмеңке бұрынғыдан өзгерек. Келе жатқан ұлыстың ұлы күнімен халықты құттықтаған ұйымдастырушылар жұртшылыққа негізінен ұлттық өнімдерді ұсынды. Киіз үй тігіп, келушілерге бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татқызды. Айта кетейік, РИЦ ОН көрменің бұл алғашқы жәрмеңкесі емес. Мақсат қараша халыққа заттарды арзан бағада ұсыну дейді бастамашылар.

Бұл көрмеге 40-қа жуық оңтүстіктің кәсіпкері келген. Солардың бірі Бақыт Наурызбаев. Бизнесмен Тосап шығаруды 3 жыл бұрын бастаған. Өнімін Негізінен жасыл жаңғақтан жасайды.

Тосаптан бөлек, жәрмеңкеде ет, сүт, бал өнімдері мен, ұлттық киімдер, сөмкелер де саудаланды. Келушілердің айтуынша тұрмысқа керекті заттардың халыққа арзан бағада берілуі үлкен көмек.

«Мен бұл жәрмеңкеге қала сыртынан бірінші рет келіп отырмын. Барлығы да көңілді өтуде. Бастысы барлығы да арзан. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барша қала тұрғындарын шақырамын»

РИЦ ОН көрмесіне келушілер қарасы аз болмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Келесі жәрмеңке сәуір айында қайта өткізілуі мүмкін.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*