Басты » Тараусыз » “Қыран” футбол клубы өз алаңдарында батыстың “Каспий” командасын қабылдады

“Қыран” футбол клубы өз алаңдарында батыстың “Каспий” командасын қабылдады

Бірінші лигада бақ сынап жүрген жерлестеріміздің бұл ел кубогына іріктеу жарысы. Күні кеше өткен маусымның алғашқы аламанында жерлестеріміз жеңіс үшін барын салған-ды. Әйтсе де, ойын Шымкенттік футбол клубының пайдасына шешілген жоқ.

Батыс Қазақстанның Каспийімен жеңіс үшін таласқан жерлестеріміз ойынды сәтті бастаған еді. Алғашқы таймның 11 минутында қарсыластар қақпасына дәл бағыттаған Қырандық футболшы бірінші болып есепті ашты. Осылайша 45 минутты жеңіспен аяқтаған Шымкенттік клуб екінші таймды Каспийге жол берумен бастады. Өз қақпаларына доп кіргізген бірінші лигадағы жерлестеріміз кейін қайта ес жинап шабуылға көшті.

Нәтиже де жоқ емес. Екінші таймның 15 минутында Дониор Исмилов есепті еселеді. Араға уақыт салмай 2:1 айырмасын Максим Фельчиков 3:1 өзгертті. Оңтүстік аяқдоп шеберінің голы жасыл алаңға шыға салысымен орын алған еді. Қырандықтарды алға шығарған 17 нөмірдегі ойыншының бұл жеңісі ұзаққа созылмады. Ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда таблодағы көрсеткіш күтпеген жерден өзгерді. Қарсылас команда қосымша берілген уақытта қайта гол салып, есепті теңестірді.

Нұрсаин Жолдасов

«Қыран» футбол командасының капитаны

«Ойын өте қиын болды. Ойлаймын кішкене күш жетпей қалды. Соңына қарай балдар шаршап қалды. Содан кейін 2 гол жәберді. Ұтатын ойын еді. Жеңіске жете алмай қалдық.»00:11-00:20 «Жоқ ондай футболда ешқашан болған жоқ. Раслобление болмайды. Бәріміз до конца ойнау керек едік. Білмеймін. Бірдеңе жетпей қалды ма. Күш жетпей қалды ма.»

Тартысты өткен доп додасы 3:3 есебімен өз мәресіне жетті. Таблодағы бұл көрсеткіш ойын соңына дейін жеңіске ұмтылған Қырандықтарды жер қаратса, келген қонақтарды қуанышқа бөледі. Жерлестеріміздің ендігі жарысы Астаналық футбол мектебінің шәкірттерімен өтпек. Намыс алаңында жалауын көтеретін жарыс 24 наурыз күні сағат 15:00-де басталады деп жсопарланып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*