Басты » Редакция таңдауы » «Өз талыңды отырғыз» акциясы басталды

«Өз талыңды отырғыз» акциясы басталды

Тараз қаласында өткізілген акция 20 наурыз күні Шымкентте жалғасын тапты. Алдағы уақытта Қызылорда Алматы қалаларында өткізілетін болады. Асар Мөлтекауданында орын алған шараны ұйымдастырушы партияның ОҚО филиалы және аудан қалалардың басшылары. Шарада 300 ден астам тал- терек отырғызылды.

Қазақстандықтар өзінің туған күнінде ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырса жылына 18 миллион ағаш пайда болады екен. Осыған орай экологиямызды тазарту көркейту мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға ҚР парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев атсалысты.

Әли Бектаев

ҚР парламенті Сенатының депутаты

Ауыл партиясы саяси кеңесі жақында ғана Қазақстан халқына үндеу жариялады.Ол үндеуде әрбір қазақстандық өзінің талын отырғызсын делінген

Аталмыш шарада тал отырғызуға ардақты ардагерлерімізден бастап қала тұрғындары және студенттер белсенділік танытты. Ауыл партиясы саяси кеңесі жақында ғана үндеу жариялаған болатын. Ол үндеуде әрбір қазақстандық азаматтың Наурыз айынан бастап тал отырғызуы жөнінде сөз қозғалған.

Бүгінгі акция Наурыз мерекесі қарсаңында тойланып жатыр. Наурыз меркесі қазақ елінде тойланатын ерекше мерекелердің бірі.Себебі біз басқа мерекелерде талды кесіп оларды әсемдейтін болсақ бұл жолы экологиямызды таза ұстау үшін тал отырғызып елімізді өркендету үстіндеміз.

Патриот болу үшін тау қопару міндет емес. Еліміздің көркеюі үшін тал отырғызсақ та жеткілікті. Шараға атсалысу арқылы жастарымыз жақсылық жасауға патриоттыққа бейімделуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*