Басты » Редакция таңдауы » «Жайна Шым» фестивалі көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады

«Жайна Шым» фестивалі көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады

Шымкентте алғаш рет ерекше фестиваль. Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Жайна Шым» фестивалі көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады. Бұл жерде ОҚО бишілері заманауи билерімен қала қонақтарының қошеметіне бөленді. Шараны Облыс әкімінің рұқсатымен Эксклюзив қоғамы ұйымдастырған. Мұнда тіпті бренд зоналар қарастырылыпты. Ол жерде әр ұлт өзінің қолөнер бұйымдарын көрсете алады.

Фестивальде бір жағынан мың бұралған бишілер өнер көрсетсе екінші сахнада әсем әуендер орындалды. Шараны ұйымдастырушы «Эксклюзив қоғамы». 8 жігіттен тұратын брейк-данс команда осыдан 16 жыл бұрын құрылған. Бұл жігіттер осы жылдар аралығында бірлесе заманауи бидің дамуына үлес қосып келеді.

Әлімжан Ізбасар

ұйымдастырушы

Жалпы фестиваль жайлы айтатын болсам бұл фестиваль бізде көріп отырсыздар фестиваль биден жалпы осы Қазақстаннан бишілер келіп отыр. Өзіміздің Қазақстан облысының бишілері қатысады.2 ші сахнада әншілер қатысады. 6 наминация болады Брейк-данс хип хоп

Би жарысына Шымкенттегі би мектептері толықтай қатысады. 6 наминация қарастырылған. Байқауға 5 жастан бастап қабылданады.

Өткізіп жатқан шараларыңызға қуанып тұрмын.Наурыздан Наурызға жете берейік. Бүкіл халқыма бақыт тілеймін.

Мен 60шы мектептен келдім. Жақсы билегім келгендіктен осы би мектебіне келдім. Алғашқыда қиындау болды. Қазір өте жақсы билеп жатырмын.

Орталық саябақта өткен «Жайна Шым» фестивалі көрерменнің көңілінен шықты. Алдағы уақытта «Эксклюзив қоғамы» түрлі билерімен көрермендерін қуанта бермек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*