Басты » Мәдениет » Эстрада жұлдыздары наурыз мерекесін шымкенттіктермен қарсы алды

Эстрада жұлдыздары наурыз мерекесін шымкенттіктермен қарсы алды

Ұлыстың ұлы күнін қаймағы бұзылмаған өңірде атап өтуге „Өркен„ квартеті, „Алашұлы„, „Ұлы тау„ топтары мен Камшат Жолдыбаева, Ерболат Құдайбергенов ілтипат білдірген. Әр өнерпаз халық сұранысына ие, жалынды әндерін орындады. Ал, бұл кеш „Алашұлы„ тобы үшін тарихи сәт еді. Себебі, 22 наурыз күні топтың құрылғанына 8 жыл толды. Осыған орай, рухты жігіттер „Ауылбай„ әнінің тұсауын кесіп, тұңғыш болып шымкенттіктерге әуелетті. Аулын сағынған тұрғындар, ыстық ықыласын білдіріп, туындыны тамаша қабылдады. 3 сағатқа созылған концерт от шашумен аяқталды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*