«Алтын дән» компаниясы дүйім жұртқа дастархан жайды - Шымкент жаналықтары
Басты » Мәдениет » «Алтын дән» компаниясы дүйім жұртқа дастархан жайды

«Алтын дән» компаниясы дүйім жұртқа дастархан жайды

Ұлыстың ұлы күні мерекесін „Алтын дән„ компаниясы да атап өтті. Берекелі ұжым „Жеңіс„ саябағында киіз үй тігіп, қала тұрғындарына арнап дастархан жайды. Халық „Алтын дән„ ұнынан жасалған бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татып, мерекелік шараны тамашалады.

Көктем келерін алғаш сезетін оңтүстік жұртшылығы Наурыз мерекесін ерекше күтеді. Қылышын сүйреген қысты шығарып салып, алыс жақынмен көрісіп қауышатын, күн мен түн теңелетін бұл уақыт кімге болмасын шаттық әкелері анық. Жеңіс саябағына жиналған жұрттың қарасы көп болды. Концерттік бағдарламалар тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, наурыз көже мен тағамдардан дәм татқан қала тұрғындары дән риза.

Ұлжан Ысмағұлова

қала түрғыны

Деніміз сау болсын. Еліміз халқымыз аман болсын. Елбасшымыз аман болсын. Елімізде ырыс несібе көп болсын мол болсын. Ақ мол болсын. Мына біздің депутатымыз Бахадыр Абрдайымов тың өзінің сайлаушыларын, халқын елін, құрметтеп сыйлап, наурыз мерекесін өткізіп жатыр. Рахмет. Әр уақытта биіктен көріне берсін. Елдің халықтың қамын ойлар азаматтар аман болсын.

Наурыз мейрамын тойлау „Алтын дән„ компаниясы үшін дәстүрге айналған. Биыл да мақсатынан таймаған мекеме халыққа арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Ғалымжан Оразымбет

депутат Б. Абдукаримов көмекшісі

Біріншіден мынау облыс халқын, қазақстан халқын наурыз меркесімен құттықтағым келеді. Барлық отбасыға барлық азаматтарымызға бақ береке тілегім келед. Денсаулық тілегім келед. Наурыз құтты болсын дим. Мына өтіп жатқан іс шара бізде дәстүрге айналған. Жылда наурыз айында наурыз мерекесіне орай өзіміздің сайлаушылар бар, жыл бойына түрлі белсенді қызмет еткен қоғам белсенділері бар сондай азаматтарға дастархан жайып мерекемен құттықтаймыз. Бұл енді дәстүрге айналған жылда өткізіп тұрамыз.

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Илясов шырайлы шымқала тұрғындарын жаймашуақ көктем мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Ғалымжан Илясов

Еңбекші ауданы әкімі

Мына осы мерекемен барлық шымкенттіктерді құттықтаймыз. Әр отбасыға құт береке, бірлік ынтымақ тілейміз. Мына татулық мерекесі бір біріне көршілердің, бауырлар ,туысқандардың, жай адамдардың бір өкпе назы болса бір бірін кешіріп,төс қағысып татуласатын мезгіл. Осы мереке құтты болсын. Ұлыс оң болсын ақ мол болсын. Мына қазақстандықтардың барлық кезде жолы болсын деп тілейміз.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*