Басты » Редакция таңдауы » Онтустікте шомылу маусымы басталды

Онтустікте шомылу маусымы басталды

Осыған орай төтенше жағдай қызметінің мамандары су қауіпсіздігін сактау жайлы жиын өткізді. Сәуір, мамыр айларында бассейндер мен өзен бойындағы жағажайлар ашыла бастайды. Соған байланысты құтқару қызметі арнайы ережелер тізімін жариялады. Тізімде тиым салынған аумақта шомылмау, арнайы құтқару желетінсіз қайыққа отырмау, балаларды қараусыз қалдырмау, жағажай аумағында ішімдік ішпеу және масаң күйде суға түспеу сынды қатаң ережелер бекітілген. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 4 адам суға батып қаза тапқан. Бақилық болғандардың 3-еуі жасөспірімдер.

Қуатбек Кенжебекұлы

Шымкент қаласы ТЖБ басшысының орынбасары

Шымкент қаласы төтенше жағдай комитеті жыл сайын мониторинг жүргізеді.Биыл шымкент қаласында бір кішкентай бала қаза тапты. Ата анасының қарамағаннан кейін.Соған байланысты кәзір сауір айынан қыркүйек айына дейін шомылады. Жаз болады. Халық шомылмайтын жерде шомылып, ішіп, әке шешелерде бала шағаларын қараусыз қалдырмай,бақылап қадағалау міндетті. Сондай қаза болмас үшін барлық ережелерді сақатап шомылмайтын жерге шомылмай, балыққа барғанда барлық техника қауіпсіздік ережелерін сақтап шомылуға шақырамыз.

Жалпы статистикаға сүйенсек 2017 жылы Оңтүстік Қазақстанда 40 адам суға батып көз жұмған. Осылай деп дабыл қаққан төтеншеліктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*