Басты » Редакция таңдауы » Желкенді қайық есуден өңірімізде Қазақстанның ашық кубогы басталды

Желкенді қайық есуден өңірімізде Қазақстанның ашық кубогы басталды

Жарысқа елімізден бөлек, Өзбекстан өрендері де келген. Жас аралығына шектеу қойылмаған бәсеке оңтүстікте алғаш рет жалауын көтеріп отыр. Желкенді қайық спортынан жалауын көтерген жарыс өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Аламанға оңтүстіктен бөлек, Маңғыстау, Алматы облысы мен Балхаш және Өзбекстаннан қатысушылар келген. Барлығы 100-ге жуық спортшының басын қосқан жарыс мақсаты үздіктерді анықтап, бақ сынаушылардың деңгейін көтеру дейді ұйымдастырушылар.

Денис Жарменов

Облыстық ескек есу және желкенді қайық спорты федерациясының президенті

«Бүгін біз алғаш рет желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогын өткізудеміз. Қазіргі таңда аталмыш спортты жақсылап қолға алып отырмыз. Себебі бұл спорт олимпиада ойындарының қатарында бар. Өкінішке қарай желкенді қайық есу елімізде кенжелеп қалған. Енді ғана қанатын жайып жатқан бұл спортты осындай сайыстар өткізу арқылы дамыта бергіміз келеді».

Еліміздің ашық кубогы қала сыртында орналасқан «Михайловск» су қоймасында өткізілуде. Дәл осы аймақта жаттығатын жерлестеріміз алдағы уақытта өңіріміздің өзге аумығында шынығуы мүмкін. Себебі қазіргі таңда Шардара су қоймасы жаттығу жүргізуге қолайлы деп табылып, жоба жұмыстары бастау алғалы жатыр екен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*