Басты » Спорт » Валерий Клубоцкийді еске алуға арналған жарыс жалауын көтерді

Валерий Клубоцкийді еске алуға арналған жарыс жалауын көтерді

Дзюдодан қаламызда жалауын көтерген республикалық ашық турнир жерлесіміз Валерий Клубоцкийді еске алуға арналған. Осымен 5 рет ұйымдастырылып отырған бәсекеге елімізден бөлек 3 мемлекеттің балуандары келді. Олар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан дзюдошылары.

Шухрат Арипов

жарыстың бас төрешісі

«Алдағы уақытта біз аруларды да бұл жарысқа қатыстырамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал бүгінгі бәйгеге келетін болсақ, Өзбекстан командасы өте мықты құрамды әкелген. Олардан келген балуандардың Барлығы да бірінші нөмірлі спортшылар. Қырғызстаннан да келген дзюдошылар мықты. Ал, біздің өңірдің намысын қорғап жатқан жеткіншектерді осал деп айта алмаймын. Шәкірттеріміз қашанғыдай жеңіске лайықты»

Турнирде бақ сынағандардың бірі Саин Өскен. 15 жастағы өрен алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Облысымыздың балуаны бәсекеде жерлесімен тартысқа түсті. 55 келіде бақ сынаған оғлан қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бәсекеге барлығы 42 команда келген. 320 қатысушы бақ сынаған турнир нәтижесінде өңір қоржынына барлығы 6 медаль түсті. 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*