Басты » Редакция таңдауы » Түркістан көшесінің тұрғындары, әкімдіктің құрғақ уәдесіне енді сенбейді

Түркістан көшесінің тұрғындары, әкімдіктің құрғақ уәдесіне енді сенбейді

Билік өкілдерінен әбден көңілі қалған халық, жағдайды жоғары жаққа жеткізу үшін, арнамыздан көмек сұрады. Наразылық білдірген жұрттың негізгі уәжі жолдың жайы. Жүк көліктері 2 жылдан бері үй алдындағы ауланың тоз-тозын шығарған. Ал тұрғындардың бұл бейберекетті тотатуға шамалары келер емес. Сондықтан қалалық әкімдіктегі жауаптыларға талай рет айтқанбыз дейді мұндағылар.

Лола Файзиева

қала тұрғыны

Біз қалалақ әкімшілікке тегіс өтініш жаздық. Әкімшілік тараптың біздің аулаға көңіл бөлгенін қалаймыз, қираған ауламызды, тас жолдарын қайта қалпына келтірсе екен дейміз. Тіпті мұнда балаларымызды ойнатуға қорқамыз.

Түркістан көшесі тұрғындарының арыздарынан соң, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мәселені шешуге уәде берген. Бірақ оныңда қашан шешілетіні уақыттың еншісінде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*