Басты » Редакция таңдауы » Өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін атап өтті

Өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін атап өтті

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған түрлі этнос өкілдері, киіз үй тігіп, ақ дастархан жайды. Қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін қойылымдар көрсетті. Ұйымдастырушылар ұлттық ойындарды да назардан тыс қалдырмаған.

Наурыз мейрамы барша халыққа ортақ. Оған бір үйдің балаларындай бірігіп, мерекені тойлатқан түрлі этнос өкілдері дәлел. Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні қазақтың салт дәстүрлері насихатталды. Бір ерекшелігі қазақи әдет ғұрыптарды дәріптеу өзге ұлт өкілдеріне жүктелген. Ал, олардың өнерін арнайы таңдалған әділқазы алқасы бағалады. Жеңмпаздар Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұсынылған сыйлықтарға ие болды.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында 108 этнос өкілдері тұрады. Оның 73 пайызын қазақтар құраса, 24 пайызы өзбек, ал 4,5 пайызы славиандар екен. Аталған ұлттардың басым көпшілігі қазақ тілін жетік меңгерген. Бұл Оңтүстікте қоныстанған барлық жұрттың бірлігін нығайтып, қарым-қатынасын жақсартуға зор септігін тигізеді.

Мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық ойындарынанда сайыстар өтті. Атап айтар болсақ, жас балуандар бос кілемде белдесіп, өзара мықтыны анықтады.

Арқан тартып, тоғызқұмалақтан бақ сынағандардыңда қарасы көп. Жиын соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған Ұлттық брэнд көрмесінің қатысушылары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*